Қарасай ауданының Шалқар орта мектебінің ұжымы, Шалқар ауылының ақсақалдар кеңесі мен «Асыл ана» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру, онда белгіленген ел дамуының басым бағыттары мен халықтың әл-ауқатын арттыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған міндеттерді талқылау еді. Кездесу барысында ақсақалдар кеңесі мен «Асыл ана» бірлестігінің өкілдері Жолдаудың негізгі қағидаларын түсіндіріп, азаматтық жауапкершіліктің, отансүйгіштіктің және Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді іске асыруға әрбір азаматтың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Іс-шара сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтіп, пікір алмасуға және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Қуат ҚАЙРАНБАЕВ
Қарасай ауданы

