-13 °c
Qonaev
Monday, June 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Мереке

    Бар мейірім – балаға!

    03.06.2024
    in Мереке
    Бар мейірім – балаға!
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Бала – бақыт, бала – шаттық, бала – нұр. Бала – адамзат ұрпағының жалғасы, өмірдің гүлі, көздің нұры. Осынау ғаламды нұрлы ететін бүлдіршіндерді қуантқаннан артық қандай бақыт бар, бұл өмірде?

    Балдырғандарға шаттық сыйлайтын сондай бір мерекелік шара Қонаев қаласының орталық алаңында «Бала деген – бір бақыт» тақырыбында өтті. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мереке салтанатты шерумен басталды.

    Шеруді уақыт талабына сай тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, танымдық қабілеттерін дамытып, жеке тұлға ретінде қалыптасып келе жатқан балабақша бүлдіршіндері бастады. Білім берудің іргетасы саналатын бастауышта барлық жақсы қасиеттер мен алғашқы ғылыми білім дағдыларын бойларына сіңіріп жатқан 1-4 сынып оқушылары әрі қарай жалғастырды. Одан кейін түрлі деңгейдегі дүбірлі додаларда топ жарып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген жас спортшылар мен облыс, республика, халықаралық білім бәйгелерінде талантымен танылған дарынды оқушылар шерулетіп өтті. Мерекелік шеруді әскери қызметтің қыр-сырын үйреніп,  дағдыларын шыңдап, келешекте Отанына қызмет ететін тұлға болып қалыптасып жатқан әскери-патриоттық сыныптың шәкірттері аяқтады.

    Балалар шығармашылық орталығының бишілері «Достық» биін билеп,  хордың орындауында «Ана» әні шырқалған соң,  Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов сахнаға шығып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.

    – Бүгінде облыс орталығында 20 мыңнан астам бала бар. Олардың арасында үлкен додаларда өңірдің намысын қорғап, жыл басынан бері 100-ден аса медальға ие болып, жерлестерін қуантып жүрген жас спортшыларды  мақтанышпен айта аламыз. Қалада білім алатын 13 290 оқушының  500-ден астамы облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі байқаулар мен ғылыми жобаларда  жүлделі орындарға қол жеткізді. Еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың қолында. Сондықтан Қонаев қаласында жыл сайын балалар және футбол алаңдарын абаттандыру, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын заманауи жарақтандыру жұмыстары жүргізіледі, – деді қала әкімі.

    Сахнада балалар шығармашылық орталығы мен Асыл» шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері және орта мектептердің өнерпаз оқушылары өз өнерлерін көрермендер назарына ұсынды. Орталық алаңға жиналған қала тұрғындары мен қонақтары мектеп оқушыларының және балабақша тәрбиеленушілерінің қолөнер бұйымдары қойылған көрмені тамашалады. Мектеп жасындағы балалар Қонаев қалалық кітапханасы  ұйымдастырған «Мақал – сөздің мәйегі», «Тез оқуды үйреніңіз» байқауларына белсене қатысып,  Алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.

    Қалалық орталық саябақта «Жанұя» отбасын қолдау орталығының мұрындық болуымен «Бар мейіріміміз – балаларға!» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалар аниматорлармен бірге  ойын ойнап, ән салып, би билеп, мәре-сәре болды.

    Мерекелік шара  аясында  қалалық  «Ана сәулесі» көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігі «Әкем, анам және мен»  атты отбасылық эстафеталық сайыс өткізді. Алты кезеңнен тұратын сайыс қорытындысында Жиенбаевтар отбасынан құралған «Барыс» тобы 1-орынды жеңіп алды. Қарабековтердің отбасы мүшелерінен жасақталған «Сиқырлы таң» тобы 2-орынды еншілесе, Кадіровтар отбасының «Бірлік» тобы жүлделі 3-орынды иеленді. Жеңімпаз  командаларға кубок пен Алғыс хат, ақшалай сертификат табысталды.

    Қала әкімі Асхат Бердіханов пен орынбасары Сәуле Нұрсолтанова бұл күні балдырғандар ортасынан табылып, орталық алаңның  әр жерінде өтіп жатқан көрмелер мен түрлі шараларды аралап көрді.

    Ұсынымдар

    Жетімсіреп ауыл тұр

    Жетімсіреп ауыл тұр

    2 years ago
    Аспан астындағы алаң

    Аспан астындағы алаң

    11 months ago
    Жаңа полигон салынады

    Жаңа полигон салынады

    4 days ago
    Ұлттық статистика бюросы: Жылдық инфляция екінші ай қатарынан баяулап келеді

    Локализациялауды арттыру және жаңа зауыттар: Қазақстан отандық өндірісті дамытуға басымдық береді

    5 months ago
    Алатау қаласының әлеуеті зор

    Алатау қаласының әлеуеті зор

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.