-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Берік отбасы – қоғам тірегі

    17.06.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Демография, Идеология
    Берік отбасы – қоғам тірегі
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Қонаев қаласындағы «Alatau Hub» орталығында мемлекет пен қоғам арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында дөңгелек үстел өтті. Мемлекеттік қызметкерлер қатысқан шарада «Intellect 7G-эксперттер мен кеңесшілер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің авторлық бағдарламалары таныстырылды.

    Кездесуде «Intellect 7G-эксперттер мен кеңесшілер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, кәсіби психолог Маржан Еліқұлова «Жігер» және «Шайқалмаған шаңырақ» жобалаларын таныстырды. Оның сөзінше, аталған бастамалар отбасылық жанжалдардың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және соның негізінде жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған.

    – «Шайқалмаған шаңырақ» атты жобамыз Жамбыл облысында пилоттық режимде іске асырылуда. Жобаның мақсаты – шайқалмайтын шаңырақ, яғни тұрақты отбасы моделін қалыптастыру. Жобаны іске асырудағы міндетіміз – қазақтың төл мәдениетіне сай жастарды неке мұратына ынталандыру, шаңырақ көтеру, тұрмыс құру қағидасын ұстануға баулу. Некенің беріктігі ерлі-зайыптылардың дүниетанымдық дағдыларына байланысты болғандықтан, құдалық институтын қалыптастыру. Осы орайда отбасының алғашқы қалыптасу кезеңінде кәсіби психологиялық кеңес беру, құрсақ тәлімінен бастап, әрбір тәрбие кезеңдері бойынша ата-аналардың сауатын ашу көзделген. Осы орайда әрбір жас отбасына, ата-аналарға қолжетімді психологиялық қызмет көрсетіледі, –  дейді Маржан Еліқұлова.

    Кездесуге қатысушылар жоба тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын жедел кесуге және  жәбірленушілер үшін қауіпсіз жағдайлар тудыруға, оларға қажетті медициналық, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмектің өзге де түрлерін көрсетуге ықпал ететінін айтты. Әсіресе, денсулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының өкілдері  өз ойларын ортаға салып, «Intellect 7G-эксперттер мен кеңесшілер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің игі бастамасына қолдау білдіретінін жеткізді. Ұйымдастырушылар өз жобаларын Алматы облысында іске асыру үшін бірқатар басқармалармен бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екендіктерін айтты. Бұған дейін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құндылықтар негізіндегі отбасы институтын құру мәселесін сан мәрте тілге тиек еткен еді. Енді бұл түйінге де қоғам тарапынан қозғау салына бастады.

    Ерзат Асыл,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Қазақ детективінің дарабозы

    Қазақ детективінің дарабозы

    3 months ago
    Қазақша сөйлейтін орыс жігіті

    Қазақша сөйлейтін орыс жігіті

    1 month ago
    Әкім кубогы сарапқа салынды

    Әкім кубогы сарапқа салынды

    11 months ago
    Жақсылық жасап жарысайық

    Жақсылық жасап жарысайық

    6 months ago
    Өміріңді ұзартқың келсе…

    Өміріңді ұзартқың келсе…

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.