-13 °c
Qonaev
Sunday, May 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ізгілік мерекесі

    Кеген ауданында Құрбан айт мейрамы атап өтілді

    17.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Ізгілік мерекесі
    0
    SHARES
    33
    VIEWS

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті мерекелерді ұлттық реңкте ұйымдастыруға ерекше ден қойып келеді. Осынау игі дәстүр Кеген ауданында да жалғасты. Құрбан айт күндері ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылып, ұлттық нақыштар жан-жақты көрініс тапты.

    Аудан мешітінде айт намазын оқумен басталған ұлық мейрам сан алуан қайырымдылық шарасына ұласты. Оған «Жерұйық Кеген жастары» қоғамдық ұйымы ұйытқы болды.  Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, «Әулие абыз – Әлмерек баба» мешітінің бас имамы Рахматулла Моллақанағатұлы игі шараға бұқарамен бірге қатысып, айт мейрамымен құттықтады.

    – Құрбан айт – бірлік пен игіліктің мерекесі. Бұл күндері ағайын-туысты аралап, отбасымызды шаттықа бөлеу – сауапты іс. «Жерұйық жастары» қайырымдылық шарасынан ешқашан тыс қалмайды. Жағдайы төмен отбасыларға үнемі қолұшын созып, қолдау көрсетіп келеді. Қаншама жандарға баспана бақытын сыйлады. Жомарт жүректерге алғысымыз шексіз! – деді аудан басшысы.

    Игі шарада қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы, Азия біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бауыржан Тәліп және  «Жерұйық Кеген жастарының» мүшесі Еркебұлан Нұрбайұлы ізгі тілектерін жеткізді.

    Ұлық мерекеде ұлттық спорт жарысына да кезек берілді. Арқан тарту, қазақша күрес, асық ойнау, тағы басқа ойындардан оза шапқан жастарға сый-сияпат көрсетілді. Құрбан айт мейрамында балалар да назардан тыс қалмады. Оларға балмұздақ пен тәттілер үлестіріп, мерекенің мол қуанышына бөледі. Айтулы мереке  аудан өнерпаздарының Құрбан айт мерекесіне арналған концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

    Дәурен Әбутәліпов,

    Кеген ауданы

     

    1 of 6
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    Ұсынымдар

    Олимпиада спортшыларына сәттілік тіледі

    Олимпиада спортшыларына сәттілік тіледі

    10 months ago
    Мемлекет басшысы АЭС бойынша референдумда дауыс берді

    Мемлекет басшысы АЭС бойынша референдумда дауыс берді

    7 months ago
    «АЯУЛЫ АНА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

    «АЯУЛЫ АНА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

    3 months ago
    Көз – адамның шырағы

    Көз – адамның шырағы

    6 months ago
    Жылжымайтын мүлікті ХҚО-да рәсімдеңіз

    Жылжымайтын мүлікті ХҚО-да рәсімдеңіз

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>