-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Руханият

    Кітапхана мақтанышы – оқырман

    22.06.2024
    in Руханият
    Кітапхана мақтанышы – оқырман
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

           Кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбаев: «Мен кітапханаларды ақыл-білім, адамгершілік, парасат пен иман ордасы, ал кітапханашыларды ең асыл құндылықтардың жанкешті сақшылары санаймын», – деген екен. Міне, бұл – кітапханашыларға берілген әділ баға. Кез келген кітапхананың мақтанышы – ­оқырмандар.

    Осы орайда, Кеген аудандық жастар ресурстық орталығында «Туған жерге тағзым» жобасы аясында кітапхананың тұрақты оқырманы, Кеген ауылдық аналар кеңесінің төрағасы Ғалия Сатаевамен кездесу кеші өтті. «Кітапхана және оқырман» атты шараға аудандық аналар кеңесінің төрағасы Бақытгүл ­Көнеева, «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ ­Кеген аудандық филиалының сарапшысы Әділ Қайратұлы, жастар ресурстық орталығының психолог маманы Гүлназ Толонқызы, Кеген ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Рақым Есімбаев, «Үміт» әжелер ансамблі және кітапхана оқырмандары қатысты.
    «Туған жерге тағзым» жобасының негізгі мақсаты – ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді насихаттау, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа, кітап оқуға шақыру.
    Ғалия Шәмшиденқызы 1958 жылы 6 мамырда Кеген ауылында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын 1975 жылы Қарқара ауылындағы балабақшада тәрбиеші болудан бастаған. Одан кейінгі жылдары Бөлексаз орта мектебінде мұғалім, аудандық орталық балабақшада тәрбиеші, №3 Кеген орта мектебінде ұстаздық қызметтер атқарған. 42 жыл білім саласында жұмыс істеді. Көптеген шәкірт тәрбиеледі. Зейнетке шыққаннан соң Кеген ауылдық аналар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Содан бері қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді.
    Аталған шарада Ғалия Сатаеваның өмір жолы туралы бейнебаян көрсетіліп, көпшілік назарына ұсынылды. Ауыл ақсақалы Әбіл Әбженбаевтың ақ батасынан кейін кеш иесінің иығына ақ орамал жауып, сый-құрмет көрсетілді.
    – Аудандық кітапханада кездесулер, танымдық, тақырыптық кештер жиі өтіп тұрады. Біздің белсенді оқырмандарымыз осындай шаралардан қалмай, бар ынта-жігерімен қатысады. Олар – ­Ғалия Шәмшиденқызы, Аршын ­Нұрбақыт, ­Алмас ­Тілеулиев, Сырым ­Тұрсынов, Рүстем ­Әкімбеков, ­Балжан ­Жұмағұл, ­Толғанай ­Қымбатбек, ­Гүлмира ­Атамбековалар. Руханиятты қадірлейтін осындай жандар көп болса, кітапқа деген қызығушылық арта түсетіні сөзсіз! – деді кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі ­Жібек ­Молдасанова. Бұл тілекке аудандық аналар кеңесінің төрағасы Бақытгүл Демежанқызы да қосылды. Мәдениет үйінің әншісі Мақсат Бөтеев дәстүрлі әндерін тамылжыта шырқап, көпшіліктің көңілін шалқытты.
    Кеш соңында Ғалия Шәмшиденқызы аналық алғысын білдіріп, кітапхана жұмысына шығармашылық табыстар тіледі.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Күрделі жөндеуді қажет етеді

    Күрделі жөндеуді қажет етеді

    1 year ago
    Еліміздегі тұрмыстық техника өндіретін алғашқы зауыт Алматы облысында жұмыс істейді

    Еліміздегі тұрмыстық техника өндіретін алғашқы зауыт Алматы облысында жұмыс істейді

    5 days ago
    Бестемшеден бақ сынады

    Бестемшеден бақ сынады

    3 months ago
    ЖЕКПЕ-ЖЕК ЖОЛЫ 

    ЖЕКПЕ-ЖЕК ЖОЛЫ 

    7 months ago
    Шарындағы шаттық

    Шарындағы шаттық

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>