-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Мемлекеттік тіл

    Мемлекеттік тіл және БАҚ байқауы мәресіне жетті

    04.06.2024
    in Мемлекеттік тіл
    Мемлекеттік тіл және БАҚ байқауы мәресіне жетті
    0
    SHARES
    46
    VIEWS

    Қонаев қаласында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» өңірлік байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

    Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйытқы болуымен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл байқау өткен аптада аяқталып, байқау ережесіне сәйкес аудан, қалалардан қабылданған өтінімдер мен тапсырылған материалдар қазылар алқасының талқысына ұсынылған болатын.

    Іс-шараны ашқан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Данияр Ахметов жыл сайынғы конкурстың өткізілуі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және қазақ тіліндегі контентті ұлғайту жөніндегі саясатты ілгерілетуге ықпал ететінін атап өтті.

    – «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауы – қазақстандықтардың тіл мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік тілді танымал етуге өз үлесін қосатын журналистерді анықтаудың тамаша мүмкіндігі. Мемлекеттік тіл – ел егемендігін айшықтайтын ең қастерлі ұғымдардың бірі. Сондықтан Рәміздер күніне орай жүлде алған жеңімпаздарды марапаттап отырмыз. Қазақ тілінің қанатын кеңге жайдыруда БАҚ өкілдерінің алар орыны айырықша, – деді облыстық басқарма басшысы.

    Аталған байқауға облыстық БАҚ құралдарына жетекшілік ететін кәсіби мамандар қазылық етті. Қазылар алқасының төрағасы Кәдірбек Құныпияұлы байқауға қатысқан тілшілердің материалдары шынайы сараланып, әділ бағаланғанын жеткізді. Сонымен қоса, өзге тілде шығатын басылымдар да мемлекеттік тілді насихаттауға атсалысуы керек екенін айтты. Байқау қорытындысы бойынша ардагер журналист Тұрсынбек Жалғасбаевқа, Іле ауданы мәслихаты аппаратының бас маманы Санат Ерболатұлына, Кеген ауданының журналисі Дәриға Жұмағалиеваға ынталандыру сыйлығы берілді. Ал Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің бас редакторы Әйгерім Әбу мен Райымбек ауданының тілшісі Аружан Мәуленбай ІІІ орынға, «Еңбекшіқазақ» газеті редакторының орынбасары Сардарбек Нұрадин мен облыстық «Алатау арайы» газетінің тілшісі Ерзат Асыл ІІ орынға ие болды. «Алатау арайы» газетінің бөлім редакторы Айжарық Көптілеу І орынға лайық деп танылды. «Үздік теле және радиобағдарлама» арнайы номинациясы бойынша «Жетісу» радиосының редакторы Темірлан Айтбаев, «Үздік мақала» арнайы номинациясы бойынша бас жүлдемен «Балқаш өңірі» газеті редакторының орынбасары Бақтығали Дәуітбаев марапатталды. Жеңімпаздардың барлығына дипломдар беріліп, қаржылай сый-сияпаттар жасалды.

    Ұсынымдар

    Өнертапқыш Нұркен

    Өнертапқыш Нұркен

    2 years ago
    Атом – ең жоғары энергия көзі

    Атом – ең жоғары энергия көзі

    8 months ago
    Жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру ережесі өзгерді

    Жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру ережесі өзгерді

    2 years ago
    Маңызды шешім қабылданды

    Маңызды шешім қабылданды

    2 months ago
    Орны бөлек онкүндік

    Орны бөлек онкүндік

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.