-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Мәдениет

    Өнерге баулиды

    07.06.2024
    in Мәдениет
    Өнерге баулиды
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Текес ауылындағы балалар өнер мектебінің ашылып, жұмыс істей бастағанына 30 жылдың жүзі болды. Осы жылдар аралығында аталған шаңырақтан музыкалық, шығармашылық өнерге бейімі бар балалар бойындағы қабілетін дамытып, саз аспаптарын жан-жақты меңгеріп шықты. Өнер ұясынан қанаттанып, қияға самғады.

    Өз қалаулары бойынша дәстүрлі ән, домбыра, қобыз, фортепиано, баян, сияқты аспаптардың сиқырлы сазын меңгерумен қатар, хореография, көркемсурет класы бойынша әсемдікке, эстетикалық талғамға үйренді. Өнер мектебінен қанаттанған шәкірттердің алды бүгінде республикалық, облыстық өнер отауларында қызмет істеп, мәдениет майталмандары атанса, кейінгілері осы салаға шәкірт тәрбиелеп жатқан ұстаздар қатарын толықтыруда. Мұнда осы ауылдың балалары ғана емес, көрші ауылдардан да саз өнеріне қабілеті бар жас өрендер келіп оқиды.

    2023-2024 оқу жылында мектепте 135 оқушы өнерге баулынды. Оларға 23 ұстаз дәріс берді. Мұндағы ұстаздар мен оқушылардың жетістіктері де мақтаныш етуге тұрарлық. Мәселен, биылғы оқу жылында халықаралық — 7,  республикалық — 50,  облыстық —10, аудандық 15 өнер байқауына қатысқан оқушылар жүлделі орындардан көрініп, мектептің абыройын асқақтатты. Домбыра, дәстүрлі ән, фортепиано, сурет кластары бойынша  17 оқушы мектептің толық курсын аяқтап, қолдарына куәлік алды. Ал, Салтанат Амантұр есімді оқушы елімізге белгілі әнші Рамазан Стамғазиевтің ұйымдастыруымен өткен «Тәңіртаудың тарландары» атты өнер байқауында бас жүлдені жеңіп алып, Ж. Елебеков атындағы өнер колледжіне жолдама иеленді. Жуырда аталған мектепті бітіруші түлектердің құрметіне «Өнерлі ұрпақ — кемел болашақ» атты қорытынды концерт өткізілді. Кешке аудандық білім бөлімінің басшысы Саят Үмбетәлиев, Қ.Шорманов атындағы орта мектептің директоры Жанат Мұхтарұлы және ата-аналар қатысты. Онда ұстаздар түлектерге сәт-сапар тілеп, куәліктер тапсырды.

    Тағы бір айта кететін жайт, Текес өнер мектебінің ұстаздарынан құрылған «Ақтолқын» фольклорлық ансамблінің халықтық атаққа ие болғаны. Ансамбль  ауданның кез келген шарасына белсене атсалысып, өнер сүйер қауымның сүйіспеншілігіне бөленуде.

    Өнерлі баланың қабілетін шыңдайтын ұстаз болса, оның демеушісі, үйдегі сыншысы, бағалаушысы ата-анасы. Баласының бойындағы қабілетін байқап, танып, өнерге бағыттап отырған ата-ана көп. Солардың бірі — нарынқолдық Тайқожа Достарбеков. Өнерге ерекше ықыласпен қарайтын ағамыз  немерелерін осы шаңырақта оқытуда. Үлкен немересі Еламан домбыра аспабымен Грузия елінің Батуми қаласында өткен халықаралық байқауда жүлделі орын алып келді. Санжар есімді  немересі де ағасының ізін жалғастырып жүрген жайы бар.

    Жалпы, Текес ауылындағы балалар өнер мектебінің жас буынға үйретері мол. Өнер шаңырағының ұстаздары әлі талай шәкіртті қанаттандырып ұшырары анық.

    Еркін Рақымжанов,

    Текес өнер мектебінің директоры                               

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Облыста сыбайлас жемқорлық жайлаған салалар аталды

    Облыста сыбайлас жемқорлық жайлаған салалар аталды

    2 years ago
    Ауыл жұрты алаңдаулы

    Ауыл жұрты алаңдаулы

    4 months ago
    Жас боксшылар Тұрсынғали Еділовтің жүлдесін сарапқа салды

    Жас боксшылар Тұрсынғали Еділовтің жүлдесін сарапқа салды

    2 years ago
    ҚХА-ның “Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу” атты сессиясы басталды

    ҚХА-ның “Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу” атты сессиясы басталды

    1 year ago
    Жайлы жағдай  жасалады

    Жайлы жағдай жасалады

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>