-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Мәдениет

    Өнерімен тәнті етті

    20.06.2024
    in Мәдениет
    Өнерімен тәнті етті
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

           Талай жанның жүрегінен орын алып, таланымен тамсандырған астаналық «Жастар» театры Қонаев қаласына да келіп, тұрғындарды өнерімен тәнті етті. Мәдениет үйінде театр ұжымы «Жанарымдағы жалғыз әуен» атты музыкалық қойылымын сахналады. Идея авторы және қоюшы режиссері – Қазақстанның ербек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. Халық әндерінен бастап шетелдің танымал шығармалары да жанды дауыста аспаптардың сүйемелдеуімен шырқалып, әсем әуенге қойылған классикалық би де қойылымның көркін аша түсті.

    Атауының өзі адамды бірден еліктіреді. Өткен күннің ыстық естеліктері мен көркем көрінісі адам жанында өшпестей мәңгі сақталады. Сол бір ғажап сәттердің елесін адам әуезді әуеннен, көркем поэзиядан іздейді. Қайталанбас кезеңге деген сағыныш өнер болып өріліп, өмірге қайта келгендей, өткен күнге қайта тап болғандай әсер қалдырады.

    Актерлердің  шеберлігі, әр әуенді жүрегімен сезініп, жандүниесімен бірге тербелген әр қимылы да ғажап үйлесіммен көңіліңе нұр құйғандай болады. Ал олардың жанарында өнерге деген құрметі, көрерменге деген шексіз махаббаты, театрға жан-тәнімен берілгендігі айқын көрініп тұрды.

    Қойылым аяқталған соң таң-тамаша болған көрермен толассыз қошемет көрсетіп, ризашылығын білдіріп жатты. Керемет әсерден көзіне жас алғандар да болды. Жүректен шыққан, жанарда сақталған әуен жүрекке жетті.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Ұсынымдар

    «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты ашық есік күні өтті

    «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты ашық есік күні өтті

    2 weeks ago
    Қарасай ауданының аналар алқасы референдумда дәстүрлі шашу шашты

    Қарасай ауданының аналар алқасы референдумда дәстүрлі шашу шашты

    8 months ago
    Тұрғын үй құрылысынан зейнетақыны көбейтуге дейін: 2024 жылы Үкіметтің әлеуметтік қолдауының негізгі шаралары

    Тұрғын үй құрылысынан зейнетақыны көбейтуге дейін: 2024 жылы Үкіметтің әлеуметтік қолдауының негізгі шаралары

    6 months ago
    Алматы облысында туризм қалай дамып жатыр?

    Алматы облысында туризм қалай дамып жатыр?

    4 months ago
    Өкпе дерті өрши түскен

    Өкпе дерті өрши түскен

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.