-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Қиындықпен шыңдалған

    19.06.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Қиындықпен шыңдалған

    Фото: massaget.kz

    0
    SHARES
    11
    VIEWS

             Бердібек Соқпақбаев – өзі ғұмыр кешкен кезеңнің келбетін қаз- қалпында суреттеген біртуар жазушы. Ашаршылық пен жетімдіктің зардабын тартқан қаламгер бұл жайында “Балалық шаққа саяхат” повесінде анық жеткізген.

    Балаға тән еркелік пен шолжаңдық Бердібек атада болмаған.  Анасы ұзақ уақыт науқастанып, көз алдында өмірден өтеді. Бұл шығармада сегіз жастағы бұғанасы қатпаған бала Бердібектің бір үзім нан үшін ауыр жұмысқа жегілгені, емшектегі інісі Тұрдыбектің тоқтаусыз жылағаны, жетімдіктің зардабын шеккен қиын күндері бейнеленген. «Дүниеде мен үшін одан асқан жексұрын сөз жоқ. Тақиясын қорыған тазшадай осы сөз қай жағымнан сарп ете қалады деп зәрем ұшып, үрейленіп тұрамын. Балалар – менің қымбатты жан достарым! «Жетім» деген тажалдай суық сөзді айтпаңдар, айналайындар! Ұр, соқ, төбелес! Тіпті етінен ет кесіп ал, бірақ әлгідей деп тілдеме. Аяңдар!».

    Жазушы өз естелігінде балалық шағының ауыр күндерін былай жеткізген еді: «Сегіз жасымда шешем өліп, жетім қалдым. Ұжымдастырудың алғашқы жылдары, ең бір қиын кез. Осы күннің өзінде жүрегім қарс айырыла жаздайды. Япыр-ау, қалай тірі қалдым? Осы күнге қалай жеттім? Нағыз итжандының өзі екенмін-ау деп таңданамын».

    Қаламгердің кейіпкерлерін ешқашан көтермелеп, әсірелеп жазбағанын Жүсіпбек Қорғасбек «Өзгеше ойлы қаламгер» мақаласында былай баяндайды: «Жазушы жанына ең жақын адамның бейнесін: «Әкем Ыдырыс кең өңеш, қомағай адам. Қасық оның қолына тиген кезде тостағандағы талқанның бір жамбасы үңірейіп қалады» деп келтіреді. Оның алды-артындағылар «әкем менің» деп жазғанда үстіне бір түйір тозаң қон­дырмайтын. Әдеби кейіпкер болған соң, әжуалап жазғаны ма дейін десең, өмірбаянында да әкесінің есімі Ыдырыс екені тайға таңба басқандай көрсетіліп тұр. Ол аздай келесі бір бетінде: «Әкемнің бойы ортадан төмен, иықты. Өзі құсап селбіретіп қияқ мұрт қояды. Уайымсыз адам, күйіп-піскенді білмейді, жайбарақат. Мезгілсіз тозып, шаршамайды. Аш болса да, тоқ болса да екі беті қып-қызыл. Тамақ таңдамайды, өңешінен өткеннің бәрін ішіп-жейді. Ауырмайды», – дейді. «Осы кісі өз әкесін жазып отыр ма?» деп, өмірбаянына ұрланып тағы қарайсың. Осыдан соң жаңа бір әзірде атүсті сыдыртып шыққан бір-екі эпизодты тауып алып, қайта шұқшиясың. Жазушы: «Шешем Әсбет  тілді де отты адам еді. Тек ауру иектеп алған да қор қылған. Әкемнің ынжықтығын бетіне басып, қай­рап айтып отыратын. Бірақ әкем ағаш пышақ тәрізді, қанша қайраса да өтпейді», – деп  қояды».

    Бердібек Соқпақбаевтың сан соқпақтан өткен шығармалары бүгінгі күнге дейін оқырман қолында. Қазақ әдебиетінде есімі алтын әріптермен жазылатын Бердібек атамыз тарихтың ұмытылмас тұлғасы ретінде жүректерде мәңгі сақталады.

    Айтолқын Үтемеш,

    Нарынқол балалар кітапханасының қызметкері

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау кейінге ысырылды

    АЭС салынатын орын таңдалды

    2 years ago
    Еріктілер аллеясы ашылды

    Еріктілер аллеясы ашылды

    1 year ago
    Келешегі кемел

    Келешегі кемел

    11 months ago
    Жастарға арналған орталық

    Жастарға арналған орталық

    11 months ago
    Бағдарлама есебі тыңдалды

    Бағдарлама есебі тыңдалды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>