-13 °c
Qonaev
Sunday, May 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Шоғансай-Әлішер» демалыс орнының ауқымы кеңейді

    12.06.2024
    in Барлық жаңалықтар
    «Шоғансай-Әлішер» демалыс орнының ауқымы кеңейді
    0
    SHARES
    46
    VIEWS

    Райымбек ауданында туризмді, әсіресе эко және этнотуризмді дамутуға мүмкіндік мол. Мұның айқын дәлелін биік таулы Байынқол өңірінің оң қапталындағы аңғарға орналасқан «Шоғансай – Әлішер» ЖШС аталатын демалыс орнына келген әркім-ақ аңғаратыны анық. Бұл демалыс орны бүгінге дейін туристер мен демалуға келген меймандарға қызмет көрсетіп, лайықты бағасын алып келген-ді. Бүгінде жұмыс ауқымы бұрынғыдан да кеңейіп, атағы өз елімізді былай қойғанда алыс-жақын шетелдерге де мәлім болып отырған жайы бар.

    Кәсіпкерлікпен айналысып, тұмса табиғаты көркімен көз арбайтын аңғардан демалыс орнын ашуды мақсат еткен осы өңірдің тумасы Сәрсемқан Берікбаева өз жұмысын ең алғаш жалғыз киіз үйден бастаған екен. Сөйтсе де демалушылар киіз үйлерді қомсынбай, таза ауасымен еркін тыныстап, табиғи өнімдерден жасалған тағамдарды пайдалану арқылы денсаулығындағы ақаудан арылып қайтқандары анық. Сонымен қатар айнала жасыл шырша, қарағаймен кестеленген керегелі тауларды атпен еркін аралап, табиғаттың сұлулығына тамсана таңдай қағумен болғандары да рас. Мұнда келушілердің қарасы жыл өткен сайын артқан үстіне арта түсіп отырғаны да сондықтан.

    Жуырда аталған демалыс орнында елдің есінде, жұрттың жадында ұзақ сақталып, аузынан тастамай айтып жүретін тағы бір жағымды жаңалық болды. Осыған дейін тәулігіне 20 адам ғана қабылдап келген демалыс орнының ауқымы бұрынғысынан кеңейіпті. Сөйтіп, 80 адам тәулік бойына емін-еркін демалуына мүмкіндік жасалыпты. Сонымен қатар 200 адамға арналып салынған той залы да халықтың пайдасына қызмет етуге дайын. Қандай да бір қуанышты тойларды осы Шоғансай демалыс орнында, айналасы қарағай, қайың, талдармен көмкерілген таза да көрікті табиғат аясында өткізгісі келетіндер мұндағы ұсынылатын мүмкіндіктерді толығымен пайдалана алады. Жуынатын, шомылатын бөлмелер ыстық су, суық сумен, заманауи электр қондырғыларымен толықтай қамтылған. Ашық аспан астында мөп-мөлдір суға шүпілдеп тұрған бассейн мен моншаның да демалушылардың көңіл көтеруіне тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Спорттық ойын алаңдары мен бөлмелер, балалар онайтын орындар көптің көңілінен шығары анық. Алда-жалда демалудан зеріккендер болса, бір уақыт атқа мініп, таулы өлкенің көз-көрімдегі сай-сала, жыра-жықпылын еркін аралауына, аспантаулардың төбесіне шығып, төмендегі жыбырлаған тіршілікке биіктен қарауының өзі де бір ғанибет емес пе!?

    Айта кетерлігі, «Шоғансай-Әлішер» ЖШС-нің өз алдына шаруа қожалығы да бар. Қожалықтағы төрт түлік малдың еті мен сүті, құрт, майы, қымыз, саумал осы қожалықтың өзінде өндіріліп, демалушыларға еш қоспасыз таза күйінде ұсынылады. Аумағы 450 шаршы метр болатын ғимараттарды салуға 300 млн теңге инвестиция тартылған. Қазір демалыс орнында тұрақты жұмыспен қамтылған 15 адамның да демалушыларға талапқа сай қызмет көрсетуінің өзі де көңіл қуантарлық.

    Демалыс орнындағы жаңадан пайдалануға берілген ғимараттардың ашылу салтанатына  жиналған қауымның да, демалуға келгендердің де көз жеткізіп, көңілге тоқығандары осы болды. Демалыс үйі мен тойхананың лентасы қиылды. Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Бекболат Бірбаев, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Жәмила Қоқымбаева, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Роман Қойлыбаев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы Райымбек аудандық филиалының жетекшісі Гүлназ Бағашарқызы, басқа да меймандар сөз алып, демалыс орнына құтты болсын айтты. Демалыс орнының басшысы Сәрсемқан Берікбаеваның атқарып отырған жұмыстарына сәттілік тіледі. Белгілі журналист, продюсер Аман Тасыған, әнші Жігер Ауыпбаев, Медет Байжұма басшылық жасайтын Б. Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жұртшылықты өнерлерімен баурады. Сөйтіп, демалыс орнына барып, заманауи үлгідегі сәт-салтанатына көз қарықтырған жұртшылық, тұмса табиғат аясынан мерейленіп қайтты.

    Жұмабек Тұрдиев,

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Тұрғын үй бой көтеруде

    Тұрғын үй бой көтеруде

    4 months ago
    Алматы облысында 223 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды

    Алматы облысында 223 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды

    4 months ago
    Қамшы өру техникасы – сабақта

    Қамшы өру техникасы – сабақта

    1 month ago
    Жамбыл ауданы: Су тасқынының алдын алу шаралары жасалып жатыр

    Алматы облысында 35 үйдің ауласына су кірген

    1 year ago
    Даңқты балуанды еске алуға арналған турнир басталды

    Даңқты балуанды еске алуға арналған турнир басталды

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>