-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Қоғам

    Телефонға телінген балалық

    22.06.2024
    in Қоғам
    Телефонға телінген балалық
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

           Біздің балалығымыз телефонға телмірмей-ақ, тамаша өтті. Далада асық ойнадық, доп қуаладық, көше шаңдатып, жарыстық. Аула балалары бас қосып, мәре-сәре болып жататынбыз. Иә, расымен, сәнді смартфондарсыз мәнді күн кештік. Бірақ қазір бәрі керісінше. Баланың қолында ұялы телефон болмаса, білім көзін ала алмай, іздегенін таба алмай қалатындай көрінеді. Ересектерді қойғанда, мектеп жасындағы балалардың қолында қос-қос телефон бар. Оның адам денсаулығына келтірер зиянын, тәрбиесіне кедергісін бәріміз білеміз. Өкініштісі, елеп жатқан ешкім жоқ.

    Бүгінде байланыс құралының түр-түрі бар. Соның ішінде смартфондар, гаджеттер үлкендердің ермегі, балалардың ойыншығына айналғалы қашан? Әлемдік техника дамып, экономика қарқын алғалы адам жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Дегенмен сол техникалар ұрпағымызды өз тұтқынына айналдырғанын айтпасқа тағы болмас. Қазір бесіктен белі шықпаған баланың өзі соңғы үлгідегі смартфонды серік етеді. Ал ата-ана баласының еркелігіне  еріксіз көніп бағуда.
    Осыдан он жыл бұрын қолы жеткендер болмаса, сенсорлы смартфондар кез келгенге бұйырмайтын. Ал өмірге қажетті әрі қолжетімді технологиялар көптеп енген шетелде бұл үрдіс бұрыннан белең алған. Сол жағымсыз жайт бізді де өз жолымыздан жаңылдырып, дәстүрімізден алшақтатуда. Әртүрлі жоғары жиілікті диапазонды, техногенді электромагниттік өрістер адам денсаулығын құртып, санасын улауда. Шетелде осы сымсыз телефонның зардабынан ісік дерті дендеп кеткен болатын. Өйткені ұялы телефонның құрылысын электромагниттік сәулелер құрайды. Ал бұл жағымсыз сәуле жүйке жүйесін нашарлатып, түрлі ауруды асқындырмақ. Енді ойлай беріңіз, баланың бес жасынан санасына кітаптың емес, телефонның сәулесін  құйсақ, жүйкесі жастайынан сыр беріп, кейіннен небір жантүршігерлік жайтқа апармасына кім кепіл?! Ал, екіншіден, телефон – интернет жүйесіне енуге ең қолайлы құрал. Ал желіде не бар, не жоқ? Міне, осының бәріне телефон арқылы оп-оңай жеткен жеткіншектің келешегі не болмақ? Бес жасынан былапыт бейне көріп, әлеуметтік желіні ақтарып, шетелдің киноларын шаттанып тамашалаған қара домалақтарда қай қасиет сақталмақ?! Соны ойлаған кейбір мемлекет мектеп жасындағы балаға ұялы телефон ұстауға тыйым салған. Себебі жастайынан телефонды тұрақты пайдаланған балалардың басым бөлігі ми ісігіне шалдыққан. Жалпы айтқанда, сымсыз құралдың бұдан басқа да жағымсыз әсері көп. Осыған орай біздің елімізде де ұялы телефонды сабақта ұстауға тыйым салынғанымен, басқа уақытта емін-еркін пайдалана беретіні саналы жанға үлкен ой салады. Кейбір жасөспірімдер түнімен ұялы телефонды ермек қылып, одан ертесінде ұйқысы қанбай, ауруға душар болып жатқаны – өмір шындығы. Ата-ана баласының болашағын ойласа, күндіз-түні телефонға телміріп отырмауын қадағалау керек. Жасыратыны жоқ, мектеп жасындағы балалар соның әсерінен сабаққа да селқос қарайды. Осы орайда оқушыларға телефонға емес, білімге деген бәсекенің биік тұратынын түсіндіре білгеніміз абзал. Сонда ғана санасы уланбаған ұрпақ тәрбиелей аламыз.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Түйткілді мәселе көтерілді

    Түйткілді мәселе көтерілді

    3 days ago
    Нестердің тазылары

    Нестердің тазылары

    1 year ago
    Ел мерейін асыратын мереке

    Ел мерейін асыратын мереке

    2 years ago
    Татулық тірегі

    Татулық тірегі

    2 weeks ago
    ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ ГАЗЫ: КАКИЕ ИСТОЧНИКИ ЭНЕРГИИ ВЫЗЫВАЮТ БОЛЬШЕ ВСЕГО ВЫБРОСОВ CO₂?

    ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ ГАЗЫ: КАКИЕ ИСТОЧНИКИ ЭНЕРГИИ ВЫЗЫВАЮТ БОЛЬШЕ ВСЕГО ВЫБРОСОВ CO₂?

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.