-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Білім-ғылым

    Үздік мектеп атанды

    10.06.2024
    in Білім-ғылым
    Үздік мектеп атанды
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Ұйғыр ауданындағы Илья Молутов атындағы №3 орта мектебі республикадағы үздік олимпиадалық мектептер қатарына қосылды.

    2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін нәтижелеу үшін еліміздің 100 үздік олимпиадалық мектептер рейтингі жасалған болатын. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының мәліметінше, үздік атану үшін 590 мектеп бақ сынасты. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 1636 оқушы қатысты.

    Рейтинг арнайы формула бойынша шығарылды. Республикалық олимпиадада алтын медаль алған әр баланың жетістігі 3 балға, күміс – 2 балға және қола – 1 балға бағаланды. Олимпиада қорытындысы бойынша, бірінші орынды 6 мектеп, екінші орынды 6 мектеп және үшінші орынды 23 мектеп иеленді.

    Осы оқу жылында Илья Молутов атындағы №3 орта мектебінің оқушысы Дилинур Юрикова қазақ тілінен  республикалық олимпиадада бірінші дәрежелі дипломға ие болған. Аталмыш мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Майра Зиналова  шәкірт бойынан пәнге деген сүйіспеншілікті аңғарып, оны білім жарысына қосқан. Нәтижесінде Дилинур дара шығып, мектебін еліміздегі үздік білім ордаларының қатарына қосты.

    Ұстаз жақсы шәкіртімен мақтанады, жеңісті күндерімен шаттанады. Ал шәкірті мектебінің абыройын асқақтатып, білім алған ұясын құрметке бөлейді. Ендеше, білімді шәкірттеріміз бен білікті ұстаздарымыз көбейе берсін демекпіз!

    Анар Дүйсенбайқызы,

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Baron Food – біздің бренд

    Baron Food – біздің бренд

    1 year ago
    Ауыл шаруашылығы министрі ауысты

    Ауыл шаруашылығы министрі ауысты

    2 years ago
    Құрғақшылықтан зардап шеккен диқандар несиені өтеу мерзімін ұзарта алады

    Құрғақшылықтан зардап шеккен диқандар несиені өтеу мерзімін ұзарта алады

    2 years ago
    Алматы облысында «Қауіпсіз сауда» республикалық науқаны өтті

    Алматы облысында «Қауіпсіз сауда» республикалық науқаны өтті

    11 months ago
    Мәжіліс ЖИ туралы заң жобасын мақұлдады

    Мәжіліс ЖИ туралы заң жобасын мақұлдады

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.