-13 °c
Qonaev
Sunday, September 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Уақыт жебесі

    28.06.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Уақыт жебесі
    0
    SHARES
    17
    VIEWS

    Қазақстанның Құрметті журналисі, жазушы-публицист, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы деректі проза кеңесінің төрағасы, Ж. Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Қазақстан педагогикалық ғылым академиясының академигі, профессор Марат Тоқашбаевтың «Уақыт жебесі» атты бестомдығы жарық көрді. Жаңа кітаптардың тұсаукесері Алматыдағы Достық үйінде салтанатпен аталып өтті. Жиынды Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегманов ашып, жүргізіп отырды.

    Қаламгердің 75 жасқа толған мерейтойына орай өткен тағылымды кездесу «Суреттер сөйлейді» атты фотокөрмеден басталды. Мұнда шығармашылық іссапарлары кезінде автордың көзімен көріп, обьективіне іліккен фотосуреттері қойылған. Тұсаукесер рәсімінде мерейтой иесіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның  құттықтау хаттары тапсырылды.

    Жиында Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, ғылым докторы, академик Ұлықпан Сыдық, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов, тарих ғылымдарының кандидаты Әлімғазы Дәулетхан, «Өлке тынысы» ЖШС директоры, белгілі ақын Кәдірбек Құныпияұлы,  журналист, қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай, Қазақстанның Еңбек Ері, ардақты ұстаз Аягүл Миразова, Қазақстанның халық әртісі Алмахан Кенжебекова, Алматы облысының Құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазиев және Алматы стоматология колледжінің  директоры, профессор Сәуірбек Рузуддиновтар сөз алып, Марат Байділдаұлының жарты ғасырдан астам ұлт баспасөзі мен қазақ руханиятының жандануы жолында қалтқысыз қызмет етіп келе жатқанын тілге тиек етті. Көрнекті қаламгердің «Білім және еңбек» журналында, «Халық Кеңесі» газетінде жемісті жұмыс істегенін, «Заң газеті», «Қазақстан» телеарнасы, «Қазақстан-ZAMAN», «Президент және Халық» сияқты бұқаралық ақпарат құралдарына басшылық жасағанын жұртшылық жақсы біледі. Осы жылдар арасында көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, этнографиялық тақырыптарда 20-дан астам кітаптары жарық көрді.

    Жазушы-публицист қоғам өміріндегі оқиғалар мен құбылыстарға үнемі үн қосып, шешімін күткен мәселелерді өткір жазудан жаңылған емес. Ал таныстырылымы болған «Уақыт жебесі» бестомдығына кіретін «Ұлт мұраты – ұлттық мемлекет» атты кітабы қоғамдық-саяси мәселелерге арналса,  «Тұғыры биік тұлғалар» эсселер мен очерктерден құралған. «Алапат соғыс ақиқаты» томы кешегі Ұлы Отан соғысының бізге беймәлім тұстарын әшкерелеуді мақсат тұтқан. Содан кейінгі «Диалогтар дүбірі» қаламгер жасаған сұхбаттардан сыр шертсе, «Отбасылық өрнек» атты бесінші томы аты айтып тұрғандай, отбасылық құндылықтарды сөз етіп, дін туралы түсінік-толғауларын біріктіреді.

    Марат Тоқашбаевтың мерейтойлық кешіне жиналған жұртшылық қаламгердің сан қырлы еңбек және шығармашылық жолымен танысып, соңынан мерекелік дастарханнан дәм татысып тарқады.

    Қуат Қайранбаев

    Ұсынымдар

    Ынтымақтастық кеңейеді

    Ынтымақтастық кеңейеді

    11 months ago
    Халықтың 70%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп есептейді – зерттеу

    Халықтың 70%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп есептейді – зерттеу

    5 months ago
    Шаруа қожалықтарын аралады

    Шаруа қожалықтарын аралады

    8 months ago
    ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

    ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

    8 months ago
    Алматы облысында 700-ге жуық түлек “Алтын белгіге” үміткер

    Алматы облысында 700-ге жуық түлек “Алтын белгіге” үміткер

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>