-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Заманауи емхана ашылды

    26.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Инфрақұрылым, Өңір тынысы
    0
    SHARES
    17
    VIEWS

    Талғар қаласында тұрғындарды қуантқан үлкен жаңалық орын алды. Аудан орталығында тәулігіне 24 сағат қызмет көрсететін «Интермедикал» емдеу-диагностикалық орталығы ашылды. Ең қуаныштысы, бұл маңызды әлеуметтік нысанды жас кәсіпкер Әділ Сұлтан есімді азамат ашып отыр.

    Жаңа мекеменің құрылтайшысы әрі директоры қызметін атқаратын кәсіпкердің айтуынша, бұл орталық толықтай озық технологиямен қамтылған. Барлық құрал-жабдық Америка, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореядан әкелінген. Емдеу мекемесінің басты ерекшелігі, мұндағы МРТ, КТ, маммография, флюрография, УЗИ қызметтері тәулік бойы үздіксіз көрсетіледі. Емхана 300-400 адамға арналған.

    – Аудандық орталық ауруханадағы науқастарға ауадай қажет МРТ, КТ сияқты кең спектрлі аппараттардың жиі бұзылып, уақытша істемей қалуы енді талғарлықтарға ешқандай қиындық туғызбайды. Бұдан былай жергілікті тұрғындар кез келген уақытта бұл қызметті біздің емханадан ала алады. Енді тексерілу үшін Алматыға барып, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Жаңа емдеу-диагностикалық орталығында барлық қызмет қолжетімді, ашық және сапалы көрсетілетін болады. Біздің міндетіміз – емделушілерге отбасыларына бағытталған медициналық қызмет көрсете отырып, олардың денсаулығын жақсарту. Осы орайда жоғары деңгейдегі медицина қызметін қалыптастырғымыз келеді. Орталық қайта құрылып, күрделі жөндеу жүргізілген сәттен бастап, оның сыртқы көрінісінде айтарлықтай өзгерістер болды, – дейді Әділ Сұлтан.

    Шынын айту керек, бұл жерде бұрын мейрамхана болған. Енді қаланың ең үлкен әрі орталық көшесінің бойында орналасқан бұл нысан жаңа үлгідегі медициналық орталыққа айналып отыр. Әсем ғимараттың айналасы тап-таза, аулаға асфальт төселіп, ыңғайлы ағаш орындықтар қойылған. Бұл емделіп, тексерілуге келген адамдардың кезегі келгенше отырып, күтуіне ыңғайлы.

    Ғимаратқа кірген жердегі үлкен холда жайдары қызметкерлер күлімдеп қарсы алатын тіркеу бөлімі бар. Бірінші қабатта МРТ, КТ, рентген, флюрография, маммография аппараттары орналасқан. Екінші қабатта физиотерапия, уқалау кабинеттері, педиатор, терапевт, кардиолог, жалпы терапия дәрігері, офтальмолог, лор-дәрігер, уролог, гинеколог, эндокринолог, хирург, ангиохирург, физиотерапевт, фтизиатор, УЗИ дәрігері сияқты мамандардың кабинеттері және кардиологиялық құрал-жабдықтар орын тепкен.

    Физиотерапевтикалық кабинетте барлық түрдегі уқалау, лимфодренаж, соққы-толқынды терапия, лазерлік және магнитті терапия сияқты қызметтер көрсетіледі. Бұл кабинет сағатына 20 адамға дейін қабылдай алады.

    Орталықтағы кішіпейіл, ізетті 40 медицина қызметкері білікті қызмет көрсетіп, сапалы емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге әрқашан дайын. Мұнда дәріхана, дәмді ас дайындайтын шағын асхана да бар.

    Заманауи орталық келешекте жоспарлы және шұғыл ота жасайтын дәрігерлердің қызмет аясын кеңейтпек. Ол үшін үлкен зал ашу көзделіп отыр.

    15 қыркүйектен бастап осы орталықта есепте тұрып, тұрақты медициналық бақылауда болғысы, ем алғысы келетін тұрғындарды тіркеу басталады.

    Құтмағамбет Қонысбай,

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Жетісуда сән-салтанатпен өткен Наурыз тойы

    Жетісуда сән-салтанатпен өткен Наурыз тойы

    1 month ago
    Ізгі жандарға құрмет

    Ізгі жандарға құрмет

    2 years ago
    Елімізде көктемгі әскерге шақыру басталды

    Елімізде көктемгі әскерге шақыру басталды

    2 years ago
    Қонаевта 42 ауқымды инвестжоба жүзеге асады

    Қонаевта 42 ауқымды инвестжоба жүзеге асады

    3 months ago
    Алматы облысында республикалық бәйге өтті

    Алматы облысында республикалық бәйге өтті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>