Жоба аясында аясында бүгінде облыстағы 370-тен асатам елді мекеннің 283-і 4G стандартындағы интернетпен қамтылған. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Цифрлық технологиялар басқармасы телекоммуникациялар бөлімінің бас маманы Тұран Талғатұлы мәлімдеді.
Бұдан бөлек, көшірмеде жол қауіпсіздігін бақылауға, яғни жол апаты жиі болатын жерлерді болжауға мүмкіндік туады, сонымен қатар қылмыс жиі жасалатын аумақтар белгіленетін болады. Полиция департаменті бастығының цифрландыру жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Ақылбек Төлеуовтің сөзінше, қазіргі таңда 308 дана бейнекамераны платформаға шығару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. “Келешекте қылмыс және әкімшілік құқықбұзушылық көп болатын жерлерді “Цифрлық көшірме” жобасына енгізуді жоспарлап отырмыз”, – деді Ақылбек Төлеуов.
Тұран Талғатұлының айтуынша, қазір 7 бірдей ауылда базалық станция орнату жұмыстары жүріп жатыр. Оған қоса, жуырда жаңа буынды 5G байланысы аясын кеңейту үшін Қонаев қаласында 10, Алматы қаласы маңындағы елді мекендерде 9 станция өз жұмысын бастаған. Келесі жылдың соңына дейін мұндай нысандар санын көбейту жоспарланып отыр.