-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тәлімгерліктің рөлі қандай?

    31.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік қызмет
    ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖОҒАРЫ
    0
    SHARES
    58
    VIEWS

    Баршамызға белгілі, Қазақстанның «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 20-бабы бойынша сынақтан өтуші мемлекеттік қызметшілерге үш ай мерзімге сынақ беріледі. Сынақ мерзімі тағайындалған күннен бастап мемлекеттік қызметшілерге тәлімгерлер бекітіледі. Сынақтан өтуші адам мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданатын немесе қызметті бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының нәтижелері бойынша не жағымсыз себептермен мемлекеттік лауазымнан босатылғаннан кейін мемлекеттік қызметке қайтадан кіргендер болып есептеледі.

    Сынақ мерзімі сынақтан өтушілер үшін олардың орналасқан мемлекеттік лауазымдарға сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленген уақыт кезеңі ретінде сипатталады. Ал тәлімгерлік – сынақтан өтушілерді қызметтік міндеттерін  өз бетінше орындауға бейімдеу мен кәсіби дайындау үрдісі. Тәлімгер сынақтан өтушіге бекітілген, оның кәсіби даярлығына тәжірибелік көмек көрсететін мемлекеттік қызметші екені айтпаса да түсінікті.

    Әл-Фараби бабамыз жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат алып келеді» деп айтып кетті. Бұл сөз барлық азамат үшін басты қағида саналуы тиіс.

    Оқыту тек сөз арқылы жүзеге асырылса, ал тәрбиеде кезінде халыққа, мемлекеттік қызметшілерге, жалпы жекелеген адамдарға білімге негізделген ізгі әрекеттерді жасауды дағдыға айналдыру үйретіледі. Баба сөзінде тәрбиенің тек ақыл-ой ғана емес, моральдық жағы да бар екені баса айтылған. Осы негіздерді алдыға тарта отырып мемлекеттік әкімшілік қызметтегі тәлімгерліқ сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

    Тәлімгерлерді бекітудің тәртібі қандай деген сауалға келсек, ең алдымен сынақ мерзімі кезеңінде, оның ішінде, оны ұзартқан кезде мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кіретін сынақтан өтушілерге тәлімгер бекітілетінін ұмытпауымыз керек. Мемлекеттік қызметшіні тәлімгер ретінде бекіту мемлекеттік органның сынақтан өтушіні жұмысқа қабылдау туралы актісіндегі уәкілетті адамның бұйрығы негізінде жүргізіледі. Бір тәлімгерге екі сынақтан өтушіден артық бекітуге жол берілмейді. Тәлімгерді алмастыру уәкілетті адамның бұйрығымен жұмыстан шығуы, дәлелді себептер бойынша жұмыста екі аптадан астам болмауы, тәлімгердің жалпы немесе нақты сынақтан өтушіге қатысты тәлімгерлік қызметтен шеттету туралы негізделген, сондай-ақ, сынақтан өтушінің тәлімгерді алмастыру туралы негізделген жазбаша өтініштері,  қызметтік жұмысына байланысты тәлімгердің тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылуы сияқты көріністер бойынша атқарылады. Бұл ретте тәлімгерлікті жүзеге асыру мерзімі өзгертілмейді.

    Тәлімгерді тәлімгерліктен босату мен сынақтан өтушіге жаңа тәлімгерді бекіту арасындағы кезең үш жұмыс күнінен аспауы тиіс. Тәлімгер сынақтан өтушінің тапсырмаларды орындауына күнделікті бақылауды жүзеге асырады, сонымен бірге, сынақтан өтушіге таңдалған мамандықты игеруге көмектеседі, оған қызметтік міндеттерді түсіндіріп, оларды сапалы орындаудың әдістері мен тәсілдерін көрсетеді. Жіберілген қателерді анықтап, бірлесіп талдайды және жояды. Бұдан бөлек,  сынақтан өтушіге қызметтік істі тиімді жүзеге асырудың, сондай-ақ, қойылған міндеттерді өздігімен шешудің оң үлгісін көрсетеді. Сынақтан өтушіні ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға тартады, салауатты өмір салтын жүргізуге үгіттейді, жалпы мәдени және кәсіби зерденің дамуына көмектеседі, патриотизмге тәрбиелейді. Жігерлін, іскерлік және рухани қасиеттерін, оның жұмысқа, ұжымға және азаматтарға қатынасын зерделейді. Еңбек тәртібін және заңдылықты бұзуын болдырмау бойынша шаралар қолданады. Қажет болған жағдайларда сынақтан өтуші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшенің басшысына оған тәрбиелік және тәртіптік әсер ету шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізеді. Тәлімгерлік бойынша жұмыс жағдайы үшін жауапты болып саналады.

    Тәлімгер көрсетілген қағидалар негізінде өзіне бекітілген сынақтан өтушіге, өзіне жүктелген жауапкершілік негізінде көмегін беріп, қызметтік және адамдық қасиеттерін түзеп, ескеріп, мамандардың жауапты және бірқатар дағдыны меңгеріп, сынақ мерзімін толыққанды маман ретінде аяқтауға септігін тигізеді.

    Алматы облысы бойынша биыл тағайындалған әкімшілік қызметкерлерге 153 тәлімгер бекітіліп, оның ішінде, 9 адам сынақ мерзімінен өтпей, жұмыстан шығарылды. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс нәтежиелері мен жергілікті атқарушы билік өкілдерінің, тәлімгер қызметкерлердің ұсыныстарын ескеріп, қолданыстағы заңға, ережелерге жаңартулар мен толықтырулар енгізілуде.

    Мемлекеттік қызмет саласындағы тәлімгердің рөлі ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен қолданысқа енгізіліп, ережелермен қамтылған мемлекеттік қызметшіні ықтимал әрі оң  шешімдер қабылдауға бағыттап, бағдар беретін бірегей маман өсіру ісіндегі үлкен институт ретінде сипатталады.

    Абай Әкімбай,

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

    Алматы облысы бойынша департаменті

    мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы

    Ұсынымдар

    Ізгілік бастауы

    Қаламгер еңбегі сараланды

    4 weeks ago
    Басты мақсат – халықтың әлеуетін арттыру

    Басты мақсат – халықтың әлеуетін арттыру

    5 months ago
    Еңбек жәрмеңкесінде 100-ге жуық жұмыс орны ұсынылды

    Еңбек жәрмеңкесінде 100-ге жуық жұмыс орны ұсынылды

    1 year ago
    “Өрмекші адам” өнегесі

    “Өрмекші адам” өнегесі

    1 month ago
    Энергия тапшылығын азайтады

    Энергия тапшылығын азайтады

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>