-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Спорт – ел намысы

    26.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Спорт – ел намысы
    0
    SHARES
    17
    VIEWS

    Қонаев қаласының Мәдениет үйінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Онда өткен жарты жылдағы атқарылған шаруалар қорытындыланып, алда көзделіп отырған шаралар жоспары талқыланды.

    Жиын басталғаннан кейін алғашқы сөз кезегін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша өкілдері – облыстық департаменттің превенция басқармасы басшысының орынбасары Дарын Әбіқұлов және осы департаменттің превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет подполковнигі Бекболат Әбенов алып, жемқорлық құқықбұзушылық статистикасымен таныстырып, спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық жағдайларына баса назар аудару керектігін ескертті.

    Одан кейінгі сөз тізгіні аудандардың мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары мен Талғар, Кеген және Райымбек аудандарындағы спорт мектептерінің директорларына беріліп, биылғы бірінші жартыжылдықтағы атқарған жұмыстары туралы есепті баяндамалары тыңдалды.

    Негізгі баяндаманы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков жасады. Ол 2024 жылы дене шынықтыру мен спорт саласын дамытуға  бюджеттен 14,9 млрд теңге бөлінгенін атап көрсетті. Соның ішінде, 245,7 млн теңгесі материалдық-техникалық базаны нығайтуға бөлінген. Өңіріміздің 239 үздік спортшысы Алматы облысы әкімінің стипендиясымен марапатталды. Стипендия мөлшері 51 мыңнан басталып, 500 мың теңгеге дейінгі аралықты құраған.

    Биылғы жылдың І жартыжылдығында 1344 медаль жеңіп алынған болса, соның 482-сі – алтын, 384-і – күміс, 478-і – қола. Сонымен қатар «І спорттық разряд» атағы 123 спортшыға, «ҚР Спорт шебері» атағы 22 спортшыға, «ҚР спорт шеберлігіне үміткер» атағы 505 спортшыға берілсе, «ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағына 1 спортшы лайық деп танылды.

    Париждегі Олимпиада ойындарында қатысу лицензиясын ұтып алған спортшыларымыз Алматы облысының мақтанышы саналады. Олардың қатарында стенд ату өкілдері  Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко және Мария Дмитриенко, оқпен ату шебері Никита Чирюкин және грек-рим стиліндегі балуан Демеу Жадыраев бар.

    Қазіргі таңда V Бүкіләлемдік көшпенділер ойынына дайындық бойынша жан-жақты, жоспарлы жұмыстар жүріп жатыр. Біздің аймақтан оған бес ұлттық спорт түрінен 11 сайыпқыран қатыспақшы.

    Жоғары санатты спортшыларды дайындау мақсатында биыл облысымызда «Іле-Алатау» кәсіби футбол клубы және «Ирбис-Алатау» баскетбол клубы құрылды. Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарында балаларға спорт мектептері, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері сияқты спорттық мекемелер ашылды.

    Бұқаралық спортты дамытуға келсек, облыстағы спортпен айналысатын тұрғындар саны артып, бүгінде облыс халқының 39,5%-ын, яғни, 602 193 адам құрады. Биыл бұл көрсеткішті 41%-ға, яғни, 627 300 адамға жеткізу көзделіп отыр. Жалпы, облыста ұлттық спорт түрлері бойынша 776 үйірме жұмыс істейді. Оларда 42 829 адам тұрақты түрде спортпен айналысады. Бұл өңір халқының 7,1%-ын көрсетеді.

    Облысымыздағы «Тұрғындарды 1000 адамға шақталған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету» көрсеткіші 49%-ды құрап отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 50,2%-ға жеткізу жоспарланған. Дене шынықтырумен және спортпен айналысамын деушілерге 1821 спорттық құрылғы жұмыс істеп тұр. Биыл  Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында бір дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында бір спорттық кешен пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында, Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында және Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылында спорттық кешендерге құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр.

    Алқа жиынын қорытындылай келе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков: «Бұқаралық спортты одан әрі дамыту, ауылды жерлердегі спортты белсенді түрде насихаттау бағытында, сондай-ақ атлеттердің шеберліктерін жетілдіру және көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі жұмыстар ары қарай да жалғасатын болады», – деп атап көрсетті.

    Бейбіт Мекеев,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Қапшағай жағасы қоқыстан тазарды

    Қапшағай жағасы қоқыстан тазарды

    2 months ago
    Ұлт шежіресіне үлес қосқан

    Ұлт шежіресіне үлес қосқан

    12 months ago
    Алатау қаласының даму жоспары әзірленді

    Алатау қаласының даму жоспары әзірленді

    1 year ago
    Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін өзгертсін – Президент

    Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін өзгертсін – Президент

    1 year ago
    Теңге ілуден жарысты

    Теңге ілуден жарысты

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.