-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Тіршілікке  нәр бергендер

    10.07.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Мереке, Өңір тынысы
    Тіршілікке  нәр бергендер
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Су шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай, Қонаев қаласында салтанатты жиын өтті. Кездесуге өңірдегі су шаруашылығы саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Аталған шарада облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын жеткізіп, сала үздіктерін марапаттады.

    Салтанатты жиында сөз алған Алмас Сұлтанұлы су шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

    – Өңірімізде жыл санап суармалы егіс алқабының көлемі ұлғайып келеді. Тиісінше, егін шаруашылығына бет бұрған шаруалардың да қатары артуда. Мемлекет басшысы суармалы жерлердің көлемін 2030 жылға дейін 3 млн гектарға ұлғайту міндетін қойды. Осы орайда, облысымызда «АлматыОблСуШар» мекемесі құрылған болатын. Сондай-ақ алдағы уақытта су ресурстарын және ирригациялық желілерді дамыту басқармасын ашуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, бұл саладағы біздің міндетіміз – аумағы 270 мың гектардан астам суармалы жерлерді тиімді басқару мен ұзындығы 9 мың шақырымнан асатын суару желілерін одан әрі дамыту, – деді облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов.

    Шарада аталған саланың ардагерлері мен су шаруашылығы қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, ҚР  Су ресурстары және ирригациялар министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Владимир Ким, Жеңісбек  Бейсембаев, Қуатжан Әбдіқалықұлы сынды ардагерлерге ҚР су ресурстары және ирригациялар министрлігінің «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.

    Ерзат Аcыл,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    ҚазҰУ-лық ғалым-оқытушылар оқушылармен рухани кездесу өткізді

    ҚазҰУ-лық ғалым-оқытушылар оқушылармен рухани кездесу өткізді

    2 years ago
    Алматы облысында су тасу қаупі бар учаскелер тексерілді

    Алматы облысында су тасу қаупі бар учаскелер тексерілді

    3 months ago
    JTI компаниясы Іле ауданында жаңа темекі өңдеу цехын ашты

    JTI компаниясы Іле ауданында жаңа темекі өңдеу цехын ашты

    2 years ago
    103-тегі әже қоғамдық-саяси белсенділігімен таңғалдырды

    103-тегі әже қоғамдық-саяси белсенділігімен таңғалдырды

    8 months ago
    Алматы облысында имамдар боз кілемде белдесті

    Алматы облысында имамдар боз кілемде белдесті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.