-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Аймақ әлеуеті зор

    13.07.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

           ҚР Премьер-министрі­нің орынбасары Тамара Дүйсенова облысқа жасаған жұмыс сапарын шалғайдағы Жамбыл ауданының Ақсеңгір ауылынан бастады. Алдымен осы елдімекен тұрғыны Дәуіт Абдрахимовтің шаңырағына атбасын бұрды.

    Қоңыр тірлік кешіп жатқан қарапайым отбасы халықты нақты қолдау мақсатындағы «Қазына» жобасы бойынша ұсынылған көмек­ті пайдаланып, ұсақ малға ие болды. Мұндай қолдауды «Құнар-Креатив» атты кәсіпкерлер қоғамдық бірлестігі осы ауылдан бастады. Вице-премьер аталған жоба бойынша Дәуіт Абдрахимовқа 30 қой тапсыру рәсіміне қатысты. Сонымен қатар дәл осындай қолдауға ие болған ауылдың тағы екі тұрғыны – Мадияр Бутешов пен Оралбек Босбаевтың да бастаған шаруаларына сәттілік тіледі. Әрқайсысы 30 қойдан иеленген үш азаматтың бәрі де –қарапайым, шаруақожалық иесі де, кәсіпкер де емес, бастарында малы жоқ адамдар. Олар аталған қанатқақты жоба бойынша белгілі бір мерзімге алған осынша ұсақ малды көбейтіп, соңында өсімін өзінде қалдырып, бастапқы санын өздері сияқты іс бастаған аз қамтылғандарға беру жөнінде міндет­теніп, келісімшартқа отырды. Игі бастаманың басы-қасында жүрген кәсіпкер Жәнібек Кенжебаев «Қазына» жобасының мақсаты мен мәнін айт­ты. Абдрахимовтер отбасындағы қуанышты сәттің дәл үстінен түскен Тамара ханымға отағасы немересінің тұсауын кестіріп, ел игілігі жолында шапқылап жүріп еңбектенетін азамат болып өсуін ырымдады.
    Бұдан кейін Тамара Қасымқызы ауылдық Мәдениет үйінде халықпен кездесу өткізді. Кездесуге Ақсеңгірмен қатар осы округке қарасты Жайсаң мен Көкдала елдімекендерінен де тұрғындар келді. Ақсеңгір ауылдық округінің әкімі Ержан Қасымшалов округ бойынша жалпы ақпарат беріп, малы көп ауылда қолға алынған тың істен хабардар етті. Премьер-министрдің орынбасары мемлекет ұсынып отырған жеңілдікпен берілетін несие жүйесі, халықтың табысын арттыруға арналған бағдарламалар мен жобалар, жұмыспен тиімді қамту мәселелерін түсіндірді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Бағлан Бекбауов «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысын хабарлады. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев, Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас, салалық басқарма жетекшілері қатысты.
    ***
    Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Талғар ауданында болып, «Green Eco» ЖШС жылыжай кешені және «Байсерке-Агро» ЖШС-нің зәкірлік жобаларымен танысты.
    «Green Eco» ЖШС директоры Роман Шнайдерман Үкімет бас­шысының орынбасарын компания­ның жұмысымен егжей-тегжейлі таныстырып, кешенде қандай өнім­дер өндірілетінін, олар еліміздің қай өңірлеріне шығарылатыны жөнінде айтып берді.
    – Біздің компания негізінен 30 түрлі салат және көксөк өндірумен айналысады. Соның ішінде 10 түрлі салат, 9 түрлі салат микстерін және 10 түрлі оралған көксөк түрлерін өсіреміз. 1,3 гектар аумақта орналасқан жылыжайда 100-ден аса адам еңбек етеді. Мұнда айына 65 тонна немесе 400 мың бірлік өнім өндіріліп, ол еліміздің ең үлкен қалаларындағы 350-ден аса ірі сауда орталықтарына жіберіледі. Ең бастысы – бәрі балғын түрінде. Мысалы біз таңертең жіберсек, ол кешке тұтынушылардың дастарқанында тұрады. Оның үстіне біз ұсақ жылыжай кешендері үшін ауылшаруашылық өнімдерінің агрегаторы болуға, осы бағыттағы серіктестікке әрқашан дайынбыз. Әрине, оның өз шарттары бар. Айталық, жылыжайлардың көлемі 300 шаршы метрден кем болмауы, өнімдер пестицидтерсіз және өсу гормондарынсыз өсірілген, экологиялық тұрғыда таза болуы тиіс. Бізбен серіктес болу өте тиімді. Өйткені ұсақ өндірушілердің өнімін толықтай сатып ала аламыз, мамандарды оқытып, агрономиялық қызмет көрсетеміз, көшеттермен қамтамасыз етеміз, – деді компания директоры.
    Тамара Дүйсенова өз кезегінде қазір ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, сол арқылы халықтың табы­сын арттыру үшін осындай үлкен өндірушілермен бірігіп жұмыс істеудің, ауыл шаруашылығында өндірістік кооперативтер құрудың өте маңызды екенін баса айтты.
    – Қазір Мемлекет басшысының басты назарында тұрған мәселелердің бірі – халық табысының артуы, өмір сапасының жақсаруы. Сондықтан өздеріңізбен кездесіп, ауылдарды дамытуға арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында халыққа қандай мүмкіндіктер бар, не алуларыңызға, қандай өнім шығаруларыңызға болады, мемлекеттің қандай қолдауы бар, сол жайында айтайын деп келдік. Қазір мемлекет үшін кәсіп ашам дейтін жандарға тек жеңілдетілген несие беру емес, оны тиімді игеру жағы маңызды. Ал қомақты қаржы алу үшін бірнеше немесе ондаған адам бірігіп, кооперативтер құрғаны дұрыс. Бұл тұрғыда мынадай ірі компаниялармен бірлесіп, әрекет ету нәтижелі болатынын тәжірибе көрсетіп отыр, – деген Премьер-Министрдің орынбасары жылыжай кешеніне келіп, кәсіпкерлікті дамыту бойынша Үкімет тарапынан қандай жеңілдіктер қарастырылғанын сұраған кәсіпкерлерге нақты жауап берді.
    Одан кейін Тамара Дүйсенова «Байсерке-Агро» ЖШС-іне келіп, мұнда компанияның ет, сүт өндіру бағытындағы жұмыстарымен таныс­ты. Компания директоры Шыңғыс Досмұхамбетов бұл жерде атқарылып жатқан жұмыстар жайын жан-жақты айтып берді. Ең бастысы, мұнда Германия Федеративтік Республикасы үкіметінің қолдауымен ет, сүт өндіру­мен айналысатын фермерлерді оқы­татын үлкен оқу орталығы ашы­лып­ты. Тіпті неміс ғалымдары мен маман­дары келіп, шаруаларға мал өсіру мен күтіп-баптаудың ғылыми негіз­дерін, әдіс-тәсілдерін үйретеді екен. Оның бар шығынын да Германия үкіметі өз мойнына алған.
    Үкімет басшысының орынбасары бұл жерде де ауыл халқын жұмыспен қамту, ол үшін ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құрудың маңыздылығын атап айтты.
    Тамара Дүйсенованың Талғар ауданына сапары кезінде онымен Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, облыс әкімінің орынбасары Рүстем Исатаев, аудан әкімі Таңат Айдарбеков бірге жүрді.
    Олар да кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтар мен өтініш-тілектер бойынша өз пікірлерін білдірді.

     

    Ауыл шаруашылығында әлеуеті жоғары Алматы облысы үшін осы сала өнімдерін өндірудің маңызы зор. Өйткені ел экономикасының дамуы өнеркәсіптің өркендеуімен тікелей байланысты. Осы орайда ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін Президенттің бастамасымен қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы өңірде қалай іске асып жатқанын пысықтау әрі облыс аумағындағы жұмысы жолға қойылған, өнімділігі жоғары жобалармен арнайы танысу үшін Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мен Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Еңбекшіқазақ ауданына іссапармен келді.
    Делегация жұмысын Еңбекшіқазақ ауданының Қайнар ауылында орналасқан Есік жеміс консерві зауытынан бастады. Оның негізін қалаған Е.Айдарбаев ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде қызанақ концентраты, қызанақ пастасы, өрік және алма езбесін, джем, алма шырындарын даярлайтын зауыт жұмысымен таныстырды. 2010 жылы құрылған зауыт 50-ден астам адамды тұрақты жұмыспен және 200-дей адамды маусымдық жұмыспен қамтып отыр. Күнделікті 600 тонна шикізат өңдеп, 80 тонна дайын өнім өндіреді. Дайындаған өнімдерін құятын қаңылтыр және әйнек ыдыстар да осы зауыт ішінде дайындалады. Ал шикізат үшін 10 мың шаршы метр болатын жылыжайы бар. Есік жеміс консерві зауытының өнімдері ішкі нарықпен қатар Ресей, Беларусь елдеріне де экспортталады.
    Іссапардың екінші нысаны – «FOOD Master» сүт зауыты. 1995 жылы құрылған, инвестиция көлемі 1,6 млрд теңге болатын «FOOD Master» – еліміздегі ең ірі кәсіпорынның бірі. Жылдық қуаттылығы – 54,7 мың тонна өнім. Өндіріске қажетті сүт Жетісу, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарынан алынады. Зауыт алдыңғы қатарлы өндіріс технологиясы- мен автоматтандырылған зарарсыздандыру және тазалау жүйелерінің арқасында ең жоғары сапалы сүт өнімдерінің кең ассортиментін шығарады.
    Сүт зауытынан кейін «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Алматы облысы көлемінде грант ұтып, несие алған Райымбек, Ұйғыр, Іле, Кеген, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандары мен Алатау қаласының кәсіпкерлері Есік қаласындағы М.Молдағалиев атындағы Мәдениет үйінің фойесінде көрме ұйымдастырып, өндіретін өнімдерімен таныстырды.
    Ары қарай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшыларының, Алматы облысындағы 9 аудан мен 2 қала, 134 ауылдық округ әкімдерінің, ауыл шаруашылығы бөлім басшыларының, «Қонаев» ӘКК өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.
    Жиын барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков «Ауыл аманаты» бағдарламасының өңірдегі жұмысына тоқталды. Бұл бойынша өткен жылы Алматы облысына бөлінген қаржының толықтай игерілгенін, оның негізгі бөлігі малшаруашылығына бағытталғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар Тамара Дүйсенова ауыл әкіміне қажетті бес қадам жайында айтып, жыл соңына дейін әр әкім ауылдың даму бағдарламасын жасауы және соның негізінде тиімді жұмыс атқаруы қажеттігін тапсырды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,
    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ,
    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ
    Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары

    Ұсынымдар

    Тәртіптік іс қаралды

    Әдептен озбайық!

    12 months ago
    Жерлесіміз жеңіс тұғырында!

    Жерлесіміз жеңіс тұғырында!

    3 months ago

    Алматы облысында екі монополия субъектісіне қатысты жол картасы әзірленді

    9 months ago
    АЭС-тің артықшылығын білген абзал

    Асуан Сиябеков: АЭС дегеніміз – электр энергиясын алу

    7 months ago
    Ауылшаруашылығы саласындағы кәсіпкерлермен кездесу. Астана, 21 ақпан 2023 жыл.

    Елордада ауылшаруашылығының мәселелері мен даму келешегі талқыланды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.