-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлттық аспапты ұлықтаған

    06.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Ұлттық аспапты ұлықтаған
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

           «Біз өзіміздің ұлттық музыкалық аспабымыздың әлемдік қоғамдастық мойындаған мәдени мұра екенін мақтан тұтамыз. Бұл баға жетпес мүлікті сақтау және атадан балаға мұра ету – әрқайсымыздың қасиетті міндетіміз», – деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бабаларымыздан жалғасқан қолөнеріміздің ең маңызды саласының бірі – домбыра жасау. Бүгінде күллі әлем мойындаған ұлттық аспаптың қазақи қоңыр үнін бұзбай жасайтын он саусағынан өнер тамған шеберлер аз емес. Соның бірі – Іле ауданы Қоянқұс ауылының тұрғыны Ералы Адамқұлов.

    Ералы Мерекебайұлы Талғар ауданы Нұра ауылында дүниеге келген. Осы ауылда орта мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы теміржол техникумын тәмамдаған. Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң Алматыдағы халық музыкалық аспаптар музейінде жұмыс істеп жүргенде атакәсіпке ден қойған. Алғашқы домбырасын 23 жасында қайың ағашынан шауып жасапты. Содан бері 40 жылға қолөнер саласымен айналысып келеді.
    Әкесі Мерекебай ағаштан түйін түйген шебер болған екен. Алайда ол кісі Ералының 10 жасында бақилық болып кеткен. Бабадан қалған мұра – қасиетті домбыра жасауды ағасы Нұрәліден үйренген. Қолөнершілік қасиет қанында бар ол бұл өнерді тез меңгеріп алады.
    Ералының көне музыкалық аспаптарды түпнұсқадан айнытпай жаңғыртудың шебері екенін де атап өткен жөн. Ол Жамбыл Жабаевтың ілгеріде Қырғызстанға барған кезінде бауырлас ағайындар сыйға тартқан қомузы мен ақын домбырасының көшірмесін тура музейдегіден ажырата алмайтындай етіп айнытпай жасап шыққан. Бұл домбыра мен қомуз бүгінде Қоянқұс ауылы № 47 орта мектепте «Жамбыл ата» мұражайындағы жәдігерлер қатарын толықтырып тұр. Өзі мұны өте сәтті шыққан жұмысының бірі ретінде бағалайды.
    Ералы шағын шеберханасынан шыққан өнімдерін базарда саудаламайды. Тек тапсырыспен ғана жұмыс істейді. Сонымен бірге облыс көлемінде өтетін әртүрлі көрмелерге жиі қатысады. Мұндай шараларда оның жасаған түрлі бұйымдары мен домбыраларын сатып алушылар көптеп табылады. Ерекеңнің қолынан шыққан қазақтың киелі аспабы өнер ұжымдары, студенттер, оқушылардың сұранысына ие болып отыр. Сондай-ақ еліміздің әр өңірі мен шетелдерден де тапсырыс түсіп жатады.
    Іле ауданы Жаңаталап ауылындағы №52 мектепте көркем еңбек пәнінен сабақ беретін Ералы Мерекебайұлы білім ордасында музей ашқан. Онда халқымызбен ежелден бірге жасасып, қуанышы мен қайғысын шерткен домбыраның түр-түрі қаз-қатар ілінген және сөреге қойылған қазақтың музыкалық аспаптары мен ұлттық бұйымдары әсемдігімен ерекше көз тартады.
    – Жолымды жалғаған шәкірттерім аз емес. Мектептегі оқушыларды да үйреткенмін. Көпшілігі – атамекенге оралған қандастардың балалары. Олардың арасында ағайын-туыстарымен бірігіп цех ашқандары, домбыра жасаудың арқасында тұрмыстары жақсарғаны баршылық. Сондай-ақ, өзімінің перзенттерім де өнерден құралақан емес. Олар да домбыра, басқа да қолөенр бұйымдарын жасайды. Өскелең ұрпақты осы өнерге баулу бағытындағы ауқымды жобаларым бар. Егер мүмкіндік болып, мемлекеттен қайтарымсыз грантқа ие болып жатсам, сол арман-мақсатымды жүзеге асырар едім, – дейді домбыра жасаудың хас шебері Ералы Адамқұлов.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Іле ауданы

     

     

    Ұсынымдар

    Сарбаздар сайысы

    Сарбаздар сайысы

    2 months ago
    Зиянкестермен күрес күшейеді

    Зиянкестермен күрес күшейеді

    2 years ago
    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Әкім: Ең басты мәселе – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру

    2 years ago
    Әкелер ардақталды

    Әкелер ардақталды

    12 months ago
    Бірлескен  жоба

    Бірлескен жоба

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>