-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ынтымақтастық – өрлеу кепілі

    06.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Саясат
    Ынтымақтастық –  өрлеу кепілі
    0
    SHARES
    35
    VIEWS

      Осы аптада елордамыз төрткүл дүние көз тіккен халықаралық диалог алаңына айналды. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтіп, оған мүше мемлекеттер – Қытай, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Иран, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжанның мемлекет және үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері қатысты. Бұл жолғы саммитте ұйым құрамына Беларусь толық мүше болып қабылданды. Сонымен қатар саммит жұмысына БҰҰ бас хатшысы, Түркия, Түркіменстан, Моңғолия президенттері, БАӘ, Катар өкілдері де қатысты.

    Саммитте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, еліміз ұйымға төрағалық еткен бір жылда атқарылған жұмыстарды қо­рытындылады. Қауіпсіздік, қорғаныс, экономикалық, мәдени қатынастарды жандандыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
    Мемлекет басшысының сөзінше, Шанхай ынтымақтастық ұйымы достық, тату көршілік, теңқұқықтық және өзара қолдаудың, яғни «шанхай рухы» негізінде жұмыс істейтін мемлекетаралық қатынастардың тиімді тетігіне айналған. Әлемдік жалпы ішкі өнімнің үштен бірін өндіретін ШЫҰ елдерінің сыртқы сауда көлемі былтыр 8 трлн доллардан асып, әлемдік сауданың төрттен бірін құраған.
    Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұйымға төрағалығы аясында алдыңғы саммитте алға қойыл­ған барлық мақсат-міндет орындал­ға­нын айтты. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер­дің белсенді қолдауының нәтижесін­де түрлі деңгейдегі 150-ге жуық іс-шара, соның ішінде цифрлық даму, туризм, энергетика, бизнес форумдары және жастар кеңесі өткенін мәлімдеді.
    Шанхай ынтымақтастық ұйымы әуел бастан әскери-саяси блок ретінде емес, Еуразия құрлығының тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, терроризм, экстремизм, сепаратизм, есірткі саудасымен күрес сияқты көп жағдайда бір мемлекеттің шамасы жете бермейтін қауіп-қатерлердің алдын алу, экономикалық, ғылыми, мәдени бағыттарда ынтымақтастықты арттыру үшін құрылғаны белгілі. Саммитте Мемлекет басшысы ШЫҰ-ның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылғанын атап өтті. Олар – Есірткіге қарсы стратегия, Экономикалық ынтымақтастық стратегиясын іске асыру жоспары, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісім, Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясы және басқа да құжаттар.
    Бүгінде ШЫҰ серіктесі саналатын халықаралық ұйымдардың қатары көбейген. Инвестициялар жөніндегі арнайы жұмыс тобының қызметі қайта жандана түскен. Ұлттық валютамен есеп айырысуға көшу үдерісі қарқынды дами бастаған.
    Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезінде мәдени-гуманитарлық байла­ныстарды дамытуға да ерекше назар аударылған. Мәселен, «ШЫҰ елдерінің рухани киелі орындары» жобасы мен «ШЫҰ Жібек жолы» бірінші ха­лықаралық музыка фестивалі сияқты маңызды жобалар іске асырылған. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін 10 туристік аумақ анықталып, Алматы қаласы ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасына айналды.
    Әрине, Еуразия құрлығының ғана емес, әлемдік экономика мен саясаттың бағыт-бағдарын айқындайтын елдердің басшылары жиналған саммитте қазіргі қалыптасып отырған күрделі геосаяси ахуал да талқылау тақырыбына айналды. Президент бұл тұрғыда қауіпсіздік саласындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтуды бірінші маңызды бағыт деп атап, ШЫҰ бүкіл Еуразия құрлығындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кепіл болатындай мүмкіндіктері барын айтты. Осы мақсатта ұйымға мүше мемлекеттерге «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» ШЫҰ бастамасын жүзеге асыру ұсынылды. Қазақстан тарапы Әскери саладағы сенім шаралары туралы келісімді әзірлеп, қабылдайтын уақыт жеткеніне, киберқауіпсіздікті күшейтудің маңызды екеніне назар аударды.
    ШЫҰ елдерінің ынтымақтастығын нығайтуда сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтудің де маңызы зор. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» мегажобасын, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын және «Солтүстік – Оңтүстік», «Орталық Азия – Оңтүстік Азия» бағыттары бойынша трансеуразиялық дәлізді одан әрі бірлесе дамытуға баса мән беретінін жеткізді. «Бұл жоспарларды жүзеге асыру үшін ШЫҰ аясында Стратегиялық порттар мен логистикалық орталықтардың серіктестік желісін құру жөнінде нақты шаралар қабылдау маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
    Сонымен бірге ол ұйым аясының кеңейюіне байланысты оны реформалау және жаңғырту қажеттігіне тоқталып, Қазақстан ШЫҰ Хатшылығы мен Бас хатшысының рөлін күшейтуді қолдайтынын жеткізді.
    Саммит соңында қауіпсіздік, терроризм, есірткі саудасымен күрес, экономика, энергетика салаларындағы ынтымақтастық, қоршаған ортаны қорғауға қатысты бірқатар құжаттарға қол қойылды. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысынан соң саммит «ШЫҰ плюс» форматында жалғасын тапты. Оған бақылаушы мәртебесін иеленген елдер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Айбек БЕЙСЕБАЕВ

    Ұсынымдар

    «Жас диқаншылар отряды» құрылды

    «Жас диқаншылар отряды» құрылды

    2 weeks ago
    Жыл үздіктері анықталды

    Жыл үздіктері анықталды

    6 months ago
    Іле Алатауы ұлттық паркінің инспекторы соққыға жығылды

    Іле Алатауы ұлттық паркінің инспекторы соққыға жығылды

    2 years ago
    Кезбе иттермен күрес

    Кезбе иттермен күрес

    3 months ago
    Жатыр мойны ісігіне жастар да шалдығатын болды

    Жатыр мойны ісігіне жастар да шалдығатын болды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.