-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Өзіңді өзің жаттай сыйла…

    03.07.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Идеология, Мемлекеттік тіл
    Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейтілмек

    Фото: assembly.kz

    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында “Қазақ тілінің мәртебесі мемлекеттік тіл ретінде күшейіп келеді. Ұлтаралық қатынас тілі болатын кезең келіп жетті. Ол үшін бәріміз бірігіп жұмыс істеуіміз керек” деген болатын. Алайда өзіміздің кейбір қаракөздеріміз ұлт болашағы үшін мың ойланып, жүз толғанып шешім шығарған Президент сөзіне құлақ аспай келе жатқаны жасырын емес.

    Мемлекеттік тіл жайында ел арасында сөз бастай қалсаң, қайсыбір ағайындар «Қазақтың балалары білімді болуы керек. Сондықтан олар бірнеше ұлттың тілін білгені дұрыс» деп білгішсіне қыр көрсетіп шыға келеді. Ал солардан қанша ұлттың тілін білесің деп сұрасаң, тіпті өзінің ана тілінде толыққанды сөйлей алмайтын болып шығады. Әрине, жастардың бірнеше ұлттың тілін жетік меңгеріп, білімді болғаны жақсы. Бірақ өз ұлтының тілін бәрінен жоғары қойса, керемет емес пе?!

    Қазіргі таңда ел аузында кеңінен тараған кірме сөздерге құлақ түрсеңіз, қазақ тілінде аудармасы жоқ па деп ойлап қаласың. Өйткені әңгіме барысында «давай», «пока», «гудбай»,  «окей», «если что», «чё там», «просто так», «потому что», «полюбому», «сразу», «потом», «привет», тағы басқа сөздерді жиі естиміз.

    Кейбір қаракөздеріміз еңбек етіп жүрген жұмыс орнынан «зарплат» алады. Олар апта сайын «баняға» түседі, «тазикке» жуынады. Балалары «садикте» тәрбиеленіп, «школдан» білім алады. Ал жазатайым сырқаттана қалса, «больницаға» барып, «врачқа» қаралады. Жаңа дүние сатып алсаң, «новыйдан алдың ба?» деп сұрайды. Осы сөздерді айтып отырған адамға «қазақша сөйлесеңізші» десең, «бұл біздің үйреншікті сөздеріміз» деп жауап береді. Сонымен қатар адамдар қандай да бір жетістікке жетсе, сол адамды құрметтеп, «ой, молодец», «поздравляю» деп айтатындар да жетерлік. Сонда «Бұл сөздерді қолданбасақ, қазақ тілінің сөздік қоры азайып қала ма?» деген күмәнді ойда қаласың.

    Өз заманында ұлт болашағын ойлап, тіл жанашырларының бірегейі болып, туған халқына қалтқысыз қызмет еткен Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілі — халық боп жасағаннан бері жандүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі», – деген болатын. Ал тамырын кеңге жайған бәйтеректің өсіп-өніп, жайқалып тұрғанын жасыл-желек жапырақтарына қарап аңғарасың. Кешегі ұлт жанашырлары қазақ тілінің негізін қалап кетсе, бүгінгі жас ұрпақ тәуелсіз елдің мемлекеттік тілінің қолданыс аясын кеңейтуге жұмыла кіріссе, ана тіліміздің болашағы ешбір алаңсыз болар еді.   Сондықтан әлемдегі тәуелсіз мемлекеттердің қатарында көк Туымыз мәңгілік желбіреп тұру үшін мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеріп, тұғырына қондырғанымыз абзал. Туған елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде өз ұлтына деген сүйіспеншілігі басым болса, мемлекеттік тіл ешқашан  шұбарланбайды.

    Ана тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы жайында небір тарихи деректерді мысалға келтіріп тіл жанашырлары үнемі айтып та, ақпараттық құралдарда жарияланып та жүр. Мемлекеттік тілдің мәртебесі жөнінде газет-журналдарда жазылып жатқан сантүрлі мақала мен биік мінберлерде айтылған ұранды сөздерге, нақышты нақылдарға құлақ түріп, рухани жігерлене алмаған адамды не деуге болады деп ойланасың.

    Осы орайда мен сіздерге мемлекеттік тілдің болашағын еш ойламайтын бір азамат жайында әңгіме өрбітуді жөн көрдім.  Мақалама «тұздық» ретінде қолданғалы отырған әлгі бейтаныс азамат мектепті орыс тілінде тәмамдаған. Сөзінің бәрі жартылай орыс тілінде өрбиді екен. Әлгі жігіт ағасына «Мұның қалай, бауырым?» деп сұрақ қойғанымда, ол менің көзіме тура қарап, басын шайқап: «Ой, сізде бір такой человек, который родной язык деп постоянно миды ашытатын. Маған қанша айтсаң да ничего не получается. Потому что, мен орысша оқыдым. Қазақ тілінде қойылған вопростарға сначала орысша ойланам, потом барып жауап беремін. Самый главный, менің сөзім түсінікті айтылады. Орыс тілі – для меня как родной язык. Мен бұл тілді никогда ұмыта алмаймын. Маған говори, не говори бәрібір. Государственный язык деп менің сөзімді түзегенше, басқасын жөндеп алыңдар. Осы сөз постоянно айтылып жүр ғой.  Біз бұрынғыдай юртада тұрып жатқан жоқпыз ғой. » деп ашулана жауап берді де, кері бұрылып өз жөнімен кете барды.

    Аяқ-қолы балғадай, қос жауырыны қақпақтай, тепсе темір үзетін қазақ жігіттің аузынан осындай сөздерді естігенде, төбе шашым тік тұрды. Өмір көрген үлкен кісілер «жаның қиналғанда жотаңнан салқын тер шығады» деп айтушы еді. Сол жағдай менің де басымнан өтті.

    Мемлекеттік тіліміздің болашағының күңгірттеу болып тұрғаны – осындай қара-көздеріміздің ана тіліне салғырттық танытуының салдары. Менің ойымша, ол жігіттің отбасында балалары да мемлекеттік тілде толыққанды сөйлей алмайтын шығар. Өйткені сондай әкеден тәрбие алған бала елінің болашағын ойлайды, ана тілінің жанашыры болады дегенге сенімім аз.

    Мемлекеттік тілдің ақсап тұрғанының бір көрінісі – сонау Кеңес дәуірінде дүние есігін ашқан сәбилерге берілген туу туралы куәліктердегі қателіктер деп ойлаймын. Соның салдарынан жеке куәліктегі және барлық құжаттардағы адамдардың есімдері қате күйінде  жазылып жүр.    Аудандық газетте жұмыс істегендіктен мен осы қателіктің күрделі мәселе екенін аңғардым. Өйткені газетке мақала берушілер өздерінің аты-жөндерін жеке куәлігі бойынша ұсынады.

    Аудан айнасы «Балқаш өңірі» газетінің директор-бас редакторы Күмісбек Жарылқасынұлы мақала берушілерге аты-жөнін қазақ тілінде жазуды талап етсе, мақала авторы «менің атым жеке куәлікте осылай жазылған» деп дауласып жатады. Бұл қаншалықты дұрыс деп ойлайсыздар?

    Мемлекеттік тілдің өрге қадам басуына бірден-бір кедергі келтіріп жүргендер –еліміздегі кәсіпкерлер қауымы. Олай деуіме себеп болған, сауда орталықтары мен мейрамхана сынды халыққа қызмет көрсететін орындарда жарнамалар мемлекеттік тілде жазылмайды. Осы жағдайды көрген сәтте оларға ескерту жасай қалсаң, «бұл менің жекеменшік дүнием, қалай жазсам да өзім білемін» деп бой бермейді. Ал оны заң талабына сай ауыстыру жөнінде әңгіме қозғай қалсаң, жаңағы қате жазылған жарнаманы қыруар қаражатқа жасатқанын, өзінің бір теңгеден екі теңге құрай алмай қиналып жүргендерін айтып шыға келеді. Бұл мәселені де қиындатып тұрған – өзіміздің қаракөздеріміз.

    Құрметті оқырман, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді ең алдымен өзімізден бастайық. Өзіңді өзің жаттай сыйла!

    Бақтығали Дәуітбаев,

    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында төтенше жағдай бөлімінің 4 нысаны салынады

    Алматы облысында төтенше жағдай бөлімінің 4 нысаны салынады

    2 years ago
    Халық саны 20 миллионға жетті

    Халық саны 20 миллионға жетті

    2 years ago
    ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлауға 400-дей бақылаушы жібереді

    30 наурызда өтетін ҚР мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауына үгіт материалдарын дайындау және орналастыру жөніндегі хабарлама

    4 months ago
    Жастар орталығы бой көтеруде

    Жастар орталығы бой көтеруде

    10 months ago
    Аққуды күймен қайырған

    Аққуды күймен қайырған

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.