-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жас мамандар қанат қақты

    Қонаев қаласының көпсалалы колледжінде «Сәт-сапар, жас маман» атты бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті

    01.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Жас мамандар қанат қақты
    0
    SHARES
    48
    VIEWS

    Салтанатты шара өз өмірлеріндегі қимас та ұмытылмас, толқынысқа толы сәтті бастан өткеріп, түрлі мамандық иесі атанып жатқан түлектер мен оларға дәріс берген Саида Шалабаева, Ерғали Нұрғалиев, Бағлан Ахмадиев, Ришат Әбішев, Назгүл Хасенова, Айнұр Нұрқалымова сынды өндірістік оқыту шеберлерін таныстырудан басталды.

    Алғашқы сөз кезегін алған колледж директоры Нұрсұлтан Баймұханбетов 3 жыл оқып, мамандық иесі атанып, үлкен жолға қадам басқан түлектерді құттықтап, келешекте әр саланың мықты маманы болып, еліміздің мақтанышына айналатындай дәрежеге жетулеріне тілектестігін білдірді.

    Колледж директорының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Әлима Қадырова мемлекеттік емтиханның қортындысы туралы бұйрықпен таныстырғаннан кейін Нұрсұлтан Нұрланұлы жүректері лүпіл қағып, көңілдерін шаттық кернеген түлектерге біліктілік санатын айқындайтын диплом табыстады. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан студенттер Алғыс хатпен марапатталды.

    Ата-аналар атынан сөз алған Гүлнира Тұмбаева толқынысқа толы сәтті бастарынан өткеріп, болашаққа  қанат қаққалы тұрған түлектердің қадамына құтты болсын айтып, ақжарма тілегін арнады. Одан кейін үздік дипломға ие болып, көңілін шаттық кернеген Максим Устинов сөз алып, білім алып, азамат болып қалыптасуларына жағдай жасап, мамандық сырын меңгеруіне мүмкіндік ашқан ұстаздар қауымы мен ата-аналарға барша түлектер атынан алғыс айтты.

     – Біздің колледж 40 жылдан астам уақыт бұрын фарфор зауытына жұмысшылар даярлау мақсатында ашылған. Бүгінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Дәнекерлеу ісі», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тігін өндірісі және киімді модельдеу», «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандықтары оқытылады. Биыл аталған мамандықтар бойынша 6 топ бітірді. 150-ден астам түлектің алтауы үздік диплом иегері атанды. Олар – Серік Мұратбек, Руслан Алексеенко, Әмина Әлпиева, Жәнел Жомарт, Максим Устинов, Елизавета Пальчикова. Сондай-ақ, түлектеріміз облыстық Ассамблея, жастар ресурстық орталығы, «AMANAT» партиясы және тағы басқа мекемелер мен ұйымдардың мұрындық болуымен өткен түрлі шаралар мен акцияларға белсене қатысты. Нәтижесінде бірқатар студент облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды,  – деп ағынан жарылды колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серік Байшеков.

    Айжарық Көптілеуов

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 98 ауыл интернетке қосылады

    Алматы облысында 98 ауыл интернетке қосылады

    12 months ago
    Қонаевта жағажайдағы самбодан ел біріншілігі аяқталды

    Қонаевта жағажайдағы самбодан ел біріншілігі аяқталды

    2 years ago
    National Geographic Qazaqstan мектептерде семинарлар өткізуде

    National Geographic Qazaqstan мектептерде семинарлар өткізуде

    1 year ago
    Қамшы өру техникасы – сабақта

    Қамшы өру техникасы – сабақта

    1 month ago
    Оқушылар органикалық тыңайтқыш өндірді

    Оқушылар органикалық тыңайтқыш өндірді

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.