-13 °c
Qonaev
Sunday, July 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тарихыңды  таны, көрмеге кел!

    02.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият, Тарих
    Тарихыңды  таны, көрмеге кел!
    0
    SHARES
    65
    VIEWS

    Тасқа қашалған таңбалар тарихымыздың тереңнен бастау алатынын айғақтайды. Қазақ жеріндегі мәдениет пен өркениеттің бір куәлігі һәм куәсіндей мол мұраны алдымызға жайып салып, сан ғасырдың сырын шертеді. Осынау шексіз байлықты тану, оны өскелең жасқа таныстыру әрі келер ұрпаққа мұра ету – бүгінгі біздің борышымыз. Осы мақсатпен «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастыруымен «Алтын адамның» атамекені – Есік қаласындағы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Таңбалы шатқалындағы қола дәуірінің қорымдары» атты көрме жұмысын бастады.

    Көрме 21 тамызға дейін жалғасады. Таңбалыдағы негізгі жәдігерлер петроглифтер болғандықтан бұған дейінгі көрмелерде тек фотогалереялар ұйымдастырылып келсе, Таңбалыдан және биыл жүргізілген Таңбалы жанындағы Алмалы, Қоғалы шатқалдарындағы халықаралық археологиялық экспедиция кезінде қабірлерден табылған жәдігерлер бұл көрменің ерекшелігі болып отыр.  Қола дәуірі қабірінен табылған артефактілер, атап айтсақ, қола дәуірінің бұйымдары, қыш ыдыстар, мал сүйегінен жасалған инелер, қоладан жасалған әшекейлер, қола дәуірінде адамдарды жерлеу мәдениетіне қатысты деректер мен бастысы, VII ғасырдың II жартысы мен VIII ғасырдың басына тән, Қазақстанда өте сирек кездесетін тиынды халық назарына музей қызметкерлері алғаш ұсынып отыр. Тиынның бір бетінде Батыс Түрік қағанатындағы патшаның бейнесі бейнеленген және соғды тілінде «бақ, құт» деген жазуы бар. Ал тиынның екінші бетінде сол дәуірге тән таңба салынған. Бір қызығы, ол бейне Таңбалы кешенінің ортаңғы аумағында да кездеседі. «Бұл – Таңбалы тек қола дәуірінде ғана емес, түркі дәуірінде де  жан-жағындағы шатқалдармен байланыстың болғанын, Таңбалы орталығы болғанын дәлелдейтін артефактілер», – дейді «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ғылыми зерттеу бөлімінің жетекшісі Қуаныш Нұрмақсұтов.

    Аталған музейдің директоры Бибігүл Дәндіқараева музей тарихына, сонау 1957 жылы зерттеу жұмыстары басталған Таңбалы кешеніндегі тарихи жәдігерлер мен табиғи байлығына жан-жақты тоқталып өтті. «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілгеніне биыл 20 жыл толды. «Осы мерейтой аясында көрмені ұйымдастыруға басты себепшінің бірі «Таңбалы» мемлекеттік музей-қорығын құру мақсатында петроглифтер, ежелгі қоныстар мен қорымдарға кешенді геоархеологиялық ғылыми-зерттеулер жүргізген ғалымның бірі, археолог, тарих ғылымдарының кандидаты А.Рогожинский өзінің жеке қорында 1975 жылдан бері сақталған «Таңбалы» кешені карталарының алғашқы нұсқаларын, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралары тізіміне ұсынуға дайындалған құжаттар мен материалдар, қазба нәтижесінде табылған артефактілер мен алғашқы консервация жұмыстарының есептерін музей-қорық қорына тапсыруы болды. Осы қуанышымызды Есік қаласындағы әріптестерімізбен бөліскелі арнайы келдік», – дейді Бибігүл Дәндіқарақызы.

    Музей қызметкерлері петроглифтермен ғана шектелмей, орталық аймағындағы ескерткіштерге ғылыми-қазба жұмыстарын жүргізіп, археологиялық экспедициялар ұйымдастырып келеді. Осылайша музей қорын толықтырып, жаңа жәдігерлерді көпшілікке ұсынып жатыр.

    Елімізде 12 республикалық музей-қорық болса, оның екеуі Алматы облысында орналасқан.  Бірі – «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы болса, екіншісі – «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы. Жалпы, республикалық деңгейдегі музей-қорықтар тек экспозициямен айналыспайды. Олар аккредитацияланған және лицензиясы бар ғылыми-зерттеу мекемелері болып есептеледі. «Сондықтан ғылыми- қолданбалы зерттеу нәтижесінде қорымызды толықтырып жатамыз. Осы орайда шетелдермен де тығыз жұмыс істейміз. Жеті жылдан бері Қытай еліндегі бірнеше археологиялық мекемемен бірлесе жұмыс атқарып келеміз. Бүгінгі көрменің ашылу салтанаты шетелдік әріптестеріміздің кездесуімен тұспа-тұс болып отыр», – деген «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры, тарих ғылымының кандидаты Гүлмира Мұхтарова Хэнань университетінің География және қоршаған орта институтының профессоры Ран Минге сөз берді. Шетелдік қонақ екі ел арасындағы ынтымақтастықтың, білім-ғылым саласындағы байланыстың алдағы уақытта да нығая беруін тілеп, музей қызметкерлері мен жаңа ашылған көрменің жұмысын жоғары бағалады. Сонымен қатар көрменің ашылу салтанатына қатысқан Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық басшысы Талғат Абылаев та тарихи-мәдени мұрамызды дәріптеп жүрген жандарға алғысын білдірді.

    Құралай Мұратқызы,

    Еңбекшіқазақ ауданы

     

    Ұсынымдар

    Рухтың күші – әкеде

    Рухтың күші – әкеде

    2 years ago
    Алматы облысы ормандарында биыл  2 өрт болды

    Алматы облысы ормандарында биыл 2 өрт болды

    1 year ago
    Жемқорлықсыз қоғам орнасын десек

    Жемқорлықсыз қоғам орнасын десек

    7 months ago
    Қарттар қуанған күн

    Қарттар қуанған күн

    10 months ago
    Мемлекеттік қызметкерлер ән шырқады

    Мемлекеттік қызметкерлер ән шырқады

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>