Қонаев қаласында “All Ability Camp” әлеуметтік жобасы аясында ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналарына арналған тегін спорт лагерінің 4-кезеңі аяқталып, маусым жабылды.
Жоба Алматы облысының әкімдігі және жобаның бас серіктесі “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен жүзеге асты. 4-кезеңде 200 ата-ананың сүйемелдеуімен 200 ерекше бала қамтылды. Жобаға 200-ден аса ерікті тартылды.
Лагерь ерекше қажеттіліктері бар балаларға әлеуметтік дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын кеңейтуге, өз әлеуетін толық жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік ұсынды.