-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алаяққа алданбаңыз!

    23.08.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Алаяққа алданбаңыз!
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

          Бүгінгі таңда алаяқтың құрбанына айналып, тапқан-таянған ақшасынан бір-ақ күнде айырылып, сан соғып қалғандар қаншама?! Ақпараттық технология дамыған сайын, бұл қылмыс түрі де жаңаша сипат алып, өрши түсті. Оларға қарсы күрес толассыз жүріп жатса да, алаяқтар айылын жияр емес. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция басқарма бастығының орынбасары, полиция майоры Нұржан ­Кеңесханұлы мәлімдеді.

    Баяндамашы облыста ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу және ашу бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанына жан-жақты тоқталды.
    – Биылғы жылдың 13-15 тамыз күндері «Анти-фрод» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Екі күн ішінде криминалдық полиция қызметкерлерінің күшімен 10 қылмыстық іс ашылды. Сонымен қатар Талғар және Іле ауданында 2 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Жыл басынан бері осы тектес 5 жедел профилактикалық шара ұйымдастырылып, 80-ге жуық қылмыс анықталды, – деді.
    Полиция өкілінің айтуынша, бүгінде облыс аумағында ­интернет-­алаяқтарға қатысты 819 қылмыстық іс тіркеліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 35,6 пайызға артқан. Яғни ғаламтор арқылы құрбанын құрығына түсіретін киберқылмыскерлер саны көбею үстінде. Әсіресе интернетпен онлайн сауда-саттық жасау, кредит рәсімдеу, жұмыспен қамту, инвестиция салу, ақша аудару сияқты қызмет түрлерін көрсету кезінде арасында алаяқтардың да алшаң басып жүретіні анық. Олар адамның сеніміне кірудің түрлі айла-тәсілін меңгеріп, алдау мен арбаудың асқан шеберіне айналған. Тіпті жасанды интеллект арқылы сіздің туыс-туғандарыңыздың дауысын айнытпай салып, ақша сұрайтындарға не дейсіз?
    – Сондықтан алаяқтарға алданбаудың ең тиімді жолы ­– қаржылық сауаттылықты арттыру. Мәселенің мәнісіне жете үңіліп, асықпай, аптықпай, ақ-қараны ажырату. Осыған орай, аймақта «Киберпол» орталығымен қылмыстың алдын алу шаралары кеңінен жүргізіліп келеді.
    – Қоғамдық орындарда киберқылмысқа қарсы 47 үгіт-насихат өткізіліп, 25970 кітапша таратылды. Сонымен қатар 15 билборд ілініп, LED-экран арқылы үндеу жарияланды. Бұқаралық ақпарат құралдарында 30-ға жуық мақала жарық көрді. Әлеуметтік желі арқылы да материалдар шығып жатыр, – деді Нұржан Кеңесханұлы.

    Өз тілшіміз
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Ел тілегі ескеріледі

    Ел тілегі ескеріледі

    2 years ago
    Тағдыр тудырған

    Абай мұрасы – асыл қазына

    4 months ago
    Президент: Депутаттардың ел алдындағы жауапкершілігі артты

    Президент: Депутаттардың ел алдындағы жауапкершілігі артты

    2 years ago
    Сенат спикері: Астананың мерейтойы – тұтас ұлтымыздың мерейі

    Отбасындағы зорлық-зомбылықтан тәрбиедегі кемшілік байқалады – Сенатор

    2 years ago
    Азияны мойындатты

    Азияны мойындатты

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.