-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «Самға» – қанатын қайта қомдаған саңлақ

    26.12.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    «Самға» – қанатын қайта қомдаған саңлақ
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Өмір деген ұлы сапарда бағытыңнан жаңылмау, нағыз жақсы адамның үлгісі. Тағдыр сын тезіне салса да, жігерін жанып, жаңа биікке ұмтылу шын мықтының ғана қолынан келеді. Һәкім Абай айтқандай, «жорғалап жыланда, қалықтап қыранда» шығатын шыңға қол созды. Ол – Алматы облысындағы «Самға» сауықтыру орталығының негізін қалаушы Марат Абдулдаев.

    Жігіт ағасы Алматы облысы Балқаш ауданының тумасы. Құрылыс саласында еңбек еткен еңбекқор жан қыл көпірлерді жалғап жүргенде өмірдің табақтап тартар тартуы барын білмеген еді.

    Сырдың бойында көпір салып жүргенде биіктен құлдилап, мертіккен. Қас пен көздің арасында қос аяғы іс-қимылдан қалды. Солайша, құрылыс саласында еңбек еткен тепсе темір үзген жігіттің өмірінің желісі бір сәтте өзгеріп, сала берді.

    Жүйрік уақыт жүйіткіп, сағаттар сырғып, мнуттар жылжып, опат болған күннен арада 10 жыл өтен соң Марат Бекенұлы жарқын өмірге қайта оралды. Ол «Самға» орталығын ашып, қанатын қайта қомдады.

    «Самғау орталығы 2017 жылы ашылды. Негізгі идеясы өзімдікі. Мақсатым-денсаулығында кінәраты бар балаларды сауықтыру. Осыдан екі жыл бұрын иппотерапия қызметін көрсетуді бастадық. Жылқымен серуен арқылы қабылданатын емнің бұл түріне «Жақсылық» деген ат қойдық. Мұндағы балаларда өз дертін жеңіп шығып, Жақсылық Үшкемпіров сынды чемпион болсын деген ой еді»,-дейді Марат Абдуллаев.

     

    «Самғау» орталығында бүгінгі күні 30 бала ем қабылдайды. Мұнда арнаулы мамандар балалармен жұмыс жасайды. Нәтижеде жоқ емес. Орталықтың табалдырығын аттаған кезден араға көп уақыт салмай-ақ, ем-дом өз жемісін беруде. Орталыққа келетін балалардың ата-аналары да бұл игі бастамаға дән риза.

    Орталықта тек ем жүргізіліп қоймайды. Бүлдіршіндердің көңілін аулау үшінде түрлі шаралар өткізіледі. Мәселен, күні кеше жаңа жылдық арнаулы кеш өтті. Әрбір балаға мерекелік сыйлықтар табысталды. Бұл кеш тек ойын-сауықпен ғана шектелмей, шынайы жылулық пен бірлікті көрсетті.

     

    Бүгінгі күнде санмыңдаған кембағалы жанның аяққа тұруына, рухани нығаюына қол ұшын созған, Марат Бекенұлы адамдық пен адалдықты, арман мен мақсатты қатар қою арқылы бел белесіне жетті. Биік көпірден аяғы тайғанымен өмірде өз биігінен құламай, шыққан шыңында табандап тұрды. Осылайша, жылқы мінез қазақтың қайсар азаматы, шектеулі мүмкіндігіне қарамастан өмірдің тізгінін қолына алып, қайтадан еріне қонды. Тағдыры аямасада, арманын аялаған Марат Бекенұлының келбеті осындай.

    Ұсынымдар

    Ғасыр шежіресі

    Ғасыр шежіресі

    3 weeks ago
    Көрікті мекен – Кегенім!

    Көрікті мекен – Кегенім!

    7 months ago
    Өнер – ортақ құндылық

    Өнер – ортақ құндылық

    6 months ago
    Аманаттықтар ерекше қажеттілігі бар балаларға инватакси сыйлады

    Аманаттықтар ерекше қажеттілігі бар балаларға инватакси сыйлады

    3 months ago
    Алғыс арқалады

    Алғыс арқалады

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.