[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қаңтар 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында 476 мектептің қауіпсіздігі тексерілді

    29.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Алматы облысында 476 мектептің қауіпсіздігі тексерілді
    0
    SHARES
    30
    VIEWS

    Аймақта жаңа оқу жылының қарсаңында 476 мектепті полицейлер тексеруден өткізді. Бұл туралы Алматы облысы әкімшілік полиция басқармасының бастығының м.а. Еркебұлан Ахметов пен жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығының м.а. Мұрат Қалиасқаров Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

    Мұрат Қалиасқаровтың айтуынша, өңірде жаңа оқу жылының алдында «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде. Шара барысында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірге балабақшалар мен білім беру мекемелерінің маңындағы жолдар мен көше-жол желілері тексерілген.

    Нәтижесінде, балалардың жол-көлік жарақатын болдырмау және алдын алу мақсатында аймақтағы қалалар мен елді мекендердің көше-жол желісіне 556 жол белгісі орнатылып, 128 шаршы метр жол кедергілері қойылды, сондай-ақ 440 шаршы метр жол таңбалары жаңартылды. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында барлық мектептерде орнатылған бейнебақылау камералары мен дабыл батырмаларының жұмысқа жарамдылығы тексерілді.

    Департамент өкілдерінің айтуынша, 2024 жылдың алғашқы 7 айында балалардың қатысуымен 394 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның нәтижесінде 26 бала қайтыс болып, 476 бала әртүрлі деңгейдегі жарақат алды.

    “Ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырамыз. Жаңа оқу жылы басталған кезде, әсіресе таңертең және кешкі уақытта, жолда жүру ережелерін қатаң сақтау маңызды. Сондай-ақ, ата-аналар балаларға мектепке барар және қайтар жолда бейтаныс адамдармен сөйлеспеу және күдікті жағдайлар туындаса, дереу үлкендерге немесе полицияға хабарлау қажеттігін түсіндіруі тиіс”, – деп қорытындылады Еркебұлан Ахметов.

    Ұсынымдар

    Өңір дамуының күретамыры

    Өңір дамуының күретамыры

    2 years ago
    Талғар ауданында спутник қала салынбақ

    Талғар ауданында спутник қала салынбақ

    3 years ago
    Өнерге құштар Айзере

    Өнерге құштар Айзере

    8 months ago
    Саябақ ашылды

    Саябақ ашылды

    2 years ago
    Өмірі сазды әуенмен өрнектелген

    Өмірі сазды әуенмен өрнектелген

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>