☀️
2°C
Қонаев
Дүйсенбі, Желтоқсан 29, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    «AMANAT» партиясының «Ұлы дала» дәстүрлі байқауы басталды

    02.08.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Идеология, Қоғам, Мәдениет, Мерейтой, Партия
    «AMANAT» партиясының «Ұлы дала» дәстүрлі байқауы басталды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    «AMANAT» партиясы дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауының басталғанын хабарлайды.

    Биыл әдеби конкурс көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында өтеді.

    Партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында Жазушылар одағымен бірлесіп өткізіп келе жатқан «Ұлы Дала» республикалық шығармашылық байқауы осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр.

    Шығармашылық доданың басты мақсаты – ұлттық болмысты, рухани құндылықтарды паш ететін, креативті идеяларға ие жас қаламгерлерге, отандық авторларға қолдау көрсету және шығармаларын насихаттау.

    Сонымен қатар, балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларындағы тағылымды ойлар мен ескірмес образдарды өскелең ұрпаққа дәріптеу.

    Үміткерлер​:
    «Проза», «Поэзия», ​«Драматургия», «Әдеби сын» және «Балаларға арналған шығарма» номинациялары бойынша қатыса алады.

    Бұдан бөлек, байқауда «Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы» және «Алаш аманаты» арнайы жүлделері де қарастырылған. Сонымен қатар, Алаш қайраткерлері І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, Б. Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Үш бәйтерек» арнайы жүлдесі тағайындалып отыр.

    Әр номинацияның жүлде қоры:
    1-орын – 1 000 000 теңге
    2-орын – 750 000 теңге
    3-орын – 500 000 теңге.
    Арнайы жүлде жеңімпаздарына 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталады.

    Қатысушыларға қойылатын барлық талап пен байқау шарты белгіленген ереже мәтіні БАҚ-та, партияның ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

    Шығармалар 1 тамыздан 30 қазанға дейін қабылданады.

    Ережеге сай еліміздің барлық өңіріндегі партияның аймақтық филиалдарында ұйымдастыру комитеттері құрылды. Әрбір аймақтық ұйымдастыру комитеттерінде байқауға қатысушылардан шығармаларды қабылдап алатын арнайы электронды мекенжайлар ашылды.

    Осыған орай, келіп түскен шығармаларды аймақтардағы ұйымдастыру комитеттері ереженің талаптарына сәйкес тексеріп, партияның Орталық аппаратында құрылған Республикалық ұйымдастыру комитетіне жолдайды.

    Өз кезегінде аймақтардан келіп түскен шығармаларды Республикалық ұйымдастыру комитеті тексерістен өткізіп, арнайы бүркеншік есіммен aikyn.kz сайтынан ашылған «Ұлы дала» байқауы айдарында күнделікті жариялап отырады. Қызығушылық танытқан кез келген оқырман шығармалармен сол жерден таныса алады.

    Байқауға 20-45 жас аралығындағы авторлар қатыса алады.

    Келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 1-15 қараша аралығында қарайды. Байқау нәтижесі «Тәуелсіздік күні» қарсаңында қорытындыланып, салтанатты марапаттау шарасы Астана қаласында өтеді.

    Ұсынымдар

    “Таза Қазақстан”: Қонаевта сенбілікке шыққан балақай жұртты сүйсінтті

    “Таза Қазақстан”: Қонаевта сенбілікке шыққан балақай жұртты сүйсінтті

    2 years ago
    Аманат хат табысталды

    Аманат хат табысталды

    5 months ago
    Облыстық антикор басшысы тағайындалды

    Облыстық антикор басшысы тағайындалды

    2 years ago
    Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы жұмысының қорытындысы

    Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы жұмысының қорытындысы

    2 weeks ago
    Қонаевта ҰОС ардагеріне 5 млн теңге әлеуметтік көмек көрсетілді

    Қонаевта ҰОС ардагеріне 5 млн теңге әлеуметтік көмек көрсетілді

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>