-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Автобус паркі жанданады

    21.08.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Автобус паркі жанданады
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Бұған дейін облыстағы елдімекендердің арасындағы жолаушы қатынасы мен тасымалын әртүрлі жекеменшік мекемелер жүзеге асырып келген еді. Ендігі жерде жолаушы тасымалын орталықтандырып, жүйелі әрі халыққа қолжетімді бағамен қамтамасыз ету үшін муниципалдық автобус паркі жабдықталды.

     «Алматы облысының автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін Бейсеғали Жүнісов басқарады. Парктің кеңсесі әзірге жалға алынған ғимаратта орналасқан. Алайда «Бәйтерек бір жерде тұрып көктейтінін» ескерген облыстық әкімдік Ынтымақ ауылына жақын тұстан 8 гектар жер бөліп отыр. Алдағы уақытта өздерінің тұрақты кеңсесі мен паркі болады.

    Көліктердің сапасына қатысты да алыпқашпа әңгімелерді құлағымыз шалған соң, олардың да жайын сұрастырдық. Анықтағанымыздай, автобустар анау айтқандай ескі-құсқы емес, өндірістен 2017-2018 жылдарда шығарылып, қолданысқа берілген болып шықты. 2023 жылдың қаңтар айында құрылған серіктестік бұл күнде 28 елдімекен тұрғындарын қаладан ауылға, ауылдан қалаға тасымалдап отыр. Қыркүйек айында тағы екі маршрут қосылып, 11 ауылды қамтитын, барлығы 39 елдімекен бағытында қызмет көрсетілмекші.

    Бейсеғали Исақұлының айтуынша, қазіргі таңда автобус паркінде 35 жүргізуші бар. Оларды жұмысқа аларда кадр бөлімі барлық құжаттарын мұқият тексереді. Жүргізуші санаты мен жұмыс өтіліне баса мән беріледі. Халықпен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, қойылатын талаптардың да көп болуы – заңдылық. Сондықтан  пайдалану бөлімін қадағалайтын директордың орынбасары, қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің басшысы, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы, ауысым басшысы сияқты лауазымды тұлғалар автобус жүргізушілерімен әр ауысым сайын отырыс өткізіп, жүргізушілердің өздерін таза ұстауын, халықпен байсалды қарым-қатынас орнатуын, өрт қауіпсіздігі мен техникалық қауіпсіздіктерді болдырмау мен алдын-алу жағдайында қалай жұмыс жасау керектігін түсіндіреді.

    Сөздің шынын айту керек, өзіміз де қоғамдық көлік құралдарын пайдаланамыз, жолаушылардың әңгімесіне құлақ түреміз. Сонда аңдағанымыз, ызы-қиқы шуы көп қаланы қоя тұрып, қайта-қайта тоқтай беретін аялдамасы сиректеу, жүргізушісінің жүйкесі тыныштау делінетін ауылдар арасына қатынайтын автобустардың жүргізушілеріне қатысты да халықтың «Дөрекі, ұрысқақ, аялдамада тоқтар-тоқтамастан жүйткиді» деген сыңайдағы наразы сын-ескертпелері бар. Жалпы, жүргізушілермен «сабырлы, мәдениетті, төзімді, ұрыс-керістен аулақ болу» деген тұрғыда күніне, аптасына болмаса да, айына бір рет әңгімелесу жүргізіле ме? деген сұрақты ЖШС басшысына да қойған едік.

    Автобус паркінің директоры: – Турасын айтқанда, жүргізуші – жалғыз, халық – көп, халықтың айтатын сын-ескертпелері де саналуан. Сондай жағдайларға қарамастан, олардың сабырлы болып, әр нәрсеге түсінушілікпен қарауын ескертіп отырамыз. Талапқа сай, жұмыс күні медициналық тексеруден басталады. Фельдшер ертеңгісін линияға шығатын жүргізушілердің алкогольді ішімдіктен таза  және денсаулығының жақсы екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жұмысқа шығарады. Ауысым басшысының жұмысы – жүргізушілердің толықтай жұмысқа келіп, уақытылы шығуын бақылап, жол тәртібін бұзбай, халықпен дұрыс сөйлесіп, ауысымын ойдағыдай аяқтауын ескерту болып саналады, – деп атап көрсетті.

    Құрылғанына жылдан аса ғана уақыт болса да, жұмысы біршама жолға қойылып үлгерген парк қызметіне көліктеріңіз көлденең қырсықтан аман болып, тұрғындар уақытылы діттеген жерлеріне жете бергей деп тілейміз!

    Бейбіт Мекеев

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 72 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

    Алматы облысында 72 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

    9 months ago
    Кептеліс қайтсе азаяды

    Кептеліс қайтсе азаяды

    1 year ago
    Иппотерапия игілігі

    Иппотерапия игілігі

    3 months ago
    ТЖД: Облыстағы су қоймалары қалыпты жұмыс істеп тұр

    ТЖД: Облыстағы су қоймалары қалыпты жұмыс істеп тұр

    1 year ago
    Қарқара тарихына үңілді

    Қарқара тарихына үңілді

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.