-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсіпкерлерді қолдау маңызды

    06.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Партия
    Кәсіпкерлерді қолдау маңызды
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

            ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айтуар Кошмамбетов облыстағы кәсіпкерлер қауымымен кездесті. Қонаев қаласындағы облыстық кәсіпкерлер палатасы мен Алатау қаласында өткен дөңгелек үстелде бизнесті қолдау мен қорғау бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

    Ең әуелі Айтуар Асқарұлы өз шешімін күтіп тұрған Салықтық кодекс реформасына байланысты мәселені көтерді. Салық кодексінің жаңа жобасы талқыланып жатқанын, ол арқылы салықтық міндеттемені орындауға байланысты мемлекет пен салық төлеуші арасындағы қатынастар реттелетінін атап өтті.
    – Жаңа салық кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың шағын және орта кәсіпке байланысты тұстары көп. Өз кәсібін дөңгелентіп отырғандардың тұрақты жұмыс істеуі, дамуы үшін салық заңнамасының рөлі орасан. Елімізде экономиканың маңызды секторы болып саналатын шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай туғызу қажет, – деді Мәжіліс депутаты.
    Сондай-ақ Айтуар Асқарұлы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының өзекті мәселелеріне де баса назар аударды. Деректерге сүйенсек, Алматы облысында 979 жекеменшік балабақша ашылған. Оның 64 пайызы бейімделген және жалға алынған ғимараттарда орналасқан. СЭС органдарының қорытындысына сәйкес, жалға алынған ғимараттардың көбі талапқа сай келмейді.
    Облыстық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Артур Хачатрян төрағалық еткен дөңгелек үстелде кәсіпкерлерді құқықтық қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту, мемлекеттік сатып алудағы кемшіліктер, өзге де заңсыздықтар және бизнестің түйткілді мәселелері сөз етілді. Мемлекеттік органдардың өкілдері заң аясында кәсіпкерлер мүддесін қорғауға бар жағдай жасалғанын баяндады. Ал облыстық прокуратура өкілдері кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау және қалпына келтіру жөніндегі мобильдік топ қызмет етіп жатқанын жеткізді.
    Келесі қадамда Айтуар Қошмамбетов Алатау қаласының кәсіпкерлерімен кездесіп, салық, жекеменшік балабақшаларды қаржыландыру, стационарлық емес сауда нысандарының жұмысына қатысты мәселелерге ден қойды. Жиында жеке кәсіпкерлер бөлшек салықты қалдыруды, ҚҚС-ға салынатын соманың шегін төмендетуге қатысты өз ойларын ортаға салды. Саудагерлер жәрмеңке павильондарында көкөніс және бақша өнімдерін сатуды реттеуді сұрады. Айтуар Асқарұлы кәсіпкерлер тарапынан көтерілген сұрақтар алдағы уақытта Мәжіліс отырысында талқыланатынын жеткізді.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Алтай Көлгінов: Облыстағы саяжай мәселесін “Ауыл – Ел бесігі” бағдарламасы бойынша шешуге болады

    Алтай Көлгінов: Облыстағы саяжай мәселесін “Ауыл – Ел бесігі” бағдарламасы бойынша шешуге болады

    2 years ago
    Талғарда референдумға қатысқандарға апорт алмасы арзанға сатылды

    Талғарда референдумға қатысқандарға апорт алмасы арзанға сатылды

    9 months ago
    Әкім: Кеген ауданына инвестиция тарту дұрыс ұйымдастырылмай отыр

    Әкім: Кеген ауданына инвестиция тарту дұрыс ұйымдастырылмай отыр

    2 years ago
    Наурыз көші көрікті

    Наурыз көші көрікті

    1 year ago
    Алматы облысында қолы қысылып қалған қыз құтқарылды

    Алматы облысында қолы қысылып қалған қыз құтқарылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.