-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Орны бөлек онкүндік

    12.08.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Орны бөлек онкүндік

    жастар

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Жас буынның жарқын ойы, отты жалыны, күш-қуатынсыз ешбір мемлекет өркендеп, дами алмайды. Еліміздің болашағы да жастардың бүгінгі алған білімі, тәлімі, тәжірибесіне тікелей байланысты.

    Халықаралық жастар күніне орай тамыз айының 3-і мен 12-сі аралығында онкүндік өткізілді. Облыстық жастар саясаты басқармасының ұйытқы болуымен өткен іс-шараның әр күні белгілі бір тақырыпқа арналды. Атап айтар болсақ, «Таза Қазақстан», «Жас келсе, іске», «Ғылым таппай, мақтанба», «Мейірімділік мекені», «Адал азамат», «Еңбек – бәрін де жеңбек», «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», «Жастармен бірге» тақырыптарында экология, спорт, мәдениет, ғылым және қайырымдылық салаларын қамтитын 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Оған 25 мыңнан астам адам қатысты. Бұл жастардың белсенділігін көрсетеді.
    Онкүндіктің басты түйіні жастардың жан-жақты дамуына мүмкіндік ашу және кәсіпкерлерді қолдау болды. Бұл ретте облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Мәди Ахметов: «Біз Қонаевта да, Кеген ауданында да жаңа коворкинг орталықтарын ашу арқылы алға қадам басып жатырмыз. Жақын арада мұндай орталықтар Райымбек, Балқаш, Қарасай аудандарында да ашылады. Бұл орталықтар жастардың тәжірибе алмасуы, білім алуы және идеяларын дамытуы үшін қажет», – деп атап өтті.
    Онкүндік аясында мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастардың бизнес бастауына, баспаналы болуына жол ашу мақсатында кеңестер берілді.Бұл ретте «Алатау жастары 2.0» жеңілдетілген тұрғын үй несиелеу бағдарламасының жүзеге асып жатқанын айта кетуге болады. Қазіргі таңда дәл осы мемлекеттік бағдарламаның аясында мыңдаған жас отбасы тиімді шарттармен баспана сатып алып, өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік алды.
    Жалпы, Жастар күніне арналған онкүндік облыстың дарынды жастарымен қалай тиімді жұмыс істеуге, оларға бірегей мүмкіндіктер жасауға, ең бастысы олардың өсіп-өркендеуіне, өз амбицияларын жүзеге асыруына негіз болатынын айқын көрсетті. Ал мұндай іс-шаралар аймақ жастарының тек облыстың ғана емес, еліміздің бүгіні мен ертеңі екенін, олардың бастамаларына қолдау көрсету қоғамның табысты дамуының кепілі болып саналатынын тағы бір мәрте еске салды.

    Алма Есенбай

    Ұсынымдар

    Ауқымды жобаның іргетасы қаланды

    Ауқымды жобаның іргетасы қаланды

    12 months ago
    Қонаевта құдық қақпақтары жиі ұрланады

    Люктердің ашық қалмауын әкімдер қадағалауы тиіс – Уәкіл

    1 year ago
    Ең әдемі киім

    Ең әдемі киім

    2 months ago
    Саймасай ауылында өрт болып, 2 адамды күйік шалды

    Саймасай ауылында өрт болып, 2 адамды күйік шалды

    2 years ago
    «Қалқан» – Отанның қалқандары туралы…

    «Қалқан» – Отанның қалқандары туралы…

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>