-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сынаққа сынбаған

    12.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Сынаққа сынбаған
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Тағдырдың басқа салғанына көнбеске шараң жоқ. Әйтпесе, алдағы күнге ұмтылған жас жігіт аяқ астынан мүгедек атанамын деп ойлап па еді?!

    Осыдан тоғыз жыл бұрын төтеннен келген оқиғадан осындай жайға тап болған Жақсылықтың болашаққа деген үміт шырағы сөнуге тақап, шарасыздық пен қорқыныштың көлеңкесінде қалғандай күй кешкені бар. Алайда бойындағы ерік-жігері мен жақындарының қамқорлығы өмірге деген құштарлығын оятып, күрес жолына бағыттапты. Міне, Қарасай ауданына қарасты Көкөзек ауылында тұратын Жақсылық Сейітовтің тағдыр жолы осылай жалғасуда. Ол – Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының тумасы. Үйдің тұңғыш перзенті болғандықтан артынан ерген екі қарындасы мен бауырына қамқорлық көрсету міндеті саналатын. Алаңсыз-қамсыз сол шақтарды ол сағынышпен еске алады.
    – Менің өмірімді астан-кестен еткен сол қайғылы оқиға 2015 жылдың 3 тамызында болды, – дейді Жақсылық Ермекұлы. – Қарындасымның туған күнін атап өту үшін табиғат аясына шығуды ойластырған едік. Жолға шықпас бұрын көлігімді тексеріп алу мақсатында эстокадаға шығарып, ағымдағы жөндеу жұмысын жасап жатқанмын. Қозғалтқыштың бұрандаларын қатайтып жатқанымда кенеттен көлік төмен қарай құлдырай жөнелді. Дөңгелек астына қойған кірпіштер орнынан жылжып кеткенін кеш байқадым. Соның нәтижесінде екі аяғым, омыртқа жұлыным және оң қолым қатты зақымдалыпты. Ұзақ уақыт ауруханада емделгеніммен қоларбаға таңылып, мүгедек болып шықтым. Осындай жағдайда отбасымның қамқорлығы мен бауырымның көмегі мені өмір үшін күресуге итермеледі. Жалықпай жасаған жаттығулардың нәтижесінде оң қолым икемге келіп, қарапайым қимылдарды жасауға жарап қалды. Енді мен тағдырымды өзгертіп, өзім сияқты ауыр жағдайға тап болғандарға жәрдемдесуді қолға алмақпын. Арбаға таңылған адамның ең үлкен арманы – баратын жерге тез жетіп, ешкімге салмақ салмай, толыққанды тіршілік кешу, – дейді Жақсылық.
    Мысалы, күнделікті дүкенге немесе ауруханаға қатынау, қарындастары мен бауыры оқитын мектепке келіп, жағдайларын қадағалау үшін ешкімге салмақ салмай, жүріп-тұру аса маңызды. Сондықтан ол әлемжеліден мүгедектерге арналған қоларбаның қозғалтқыштарымен танысып, оның құрылымы мен қызметін зерттеуді бастайды. Ақыры өзі сызған жоба бойынша қажетті бөлшектерді сатып алып, қоларбаны қолдан құрастыруды ойға алады.
    Алғашқы арбаны жасауға бір жыл уақыты кетіпті. Бір қуанарлығы, бұл эксперименті ойлағандағыдан артық шығып, Жасылықты жаңа ізденіске жетелейді. Айтпақшы, сол алғашқы арба оның шеберханасында құнды жәдігер ретінде бүгінге дейін сақтаулы тұр.
    – Содан бастап мен мүгедектер арбасына арналған электр қозғалтқыштарының екі түрін жасап шығардым, – дейді Жақсылық. – Алғашқысы екі қолы да жұмыс істейтін жандарға арналса, екіншісі қолдары арбаны басқаруға икемсіз мүгедектер үшін қолайлы етіп жасалынған. Міне, осындай қондырғының нәтижесінде арба тас жолдармен жылдам қозғалып, 20-25 шақырым жерге дейін жүреді. Одан әріге аккумулятордың қуаты жетпейді.
    Арбаны жасауға қажетті бөлшектерді Жақсылықтың күйеубаласы Қытайдан әкеліп береді. Мұндайда ата-анасының, бауырлары мен жолдастарының қолдауы да үлкен көмек екені белгілі. Бізбен әңгіме барысында шебердің өзі осы жағдайға ерекше тоқталып, өзіне сенім артқан жандарға алғаусыз алғысын жеткізді.
    Бір айта кетерлігі, электрмен жүретін осындай қоларбаның нарықтағы құны 380 мыңнан 600 мыңға дейінгі аралықта көрінеді. Жақсылық болса, өзі жасаған жедел жүретін арбаларды 250 мың теңгеге ұсынуда. Түскен қаржыны жаңа бөлшектер сатып алуға, күнделікті қажеттіліктерге жұмсайды екен. Осындайда, қолы ашық, жомарт жандар табылып, қолдау көрсетсе, тағдырдың тәлкегіне ұшырап, жүріп-тұру мүмкіндігі шектелген талай адам қуанышқа кенелер еді-ау! Бұл, бір жағынан, мүгедек жандарға көмек болса, екінші тұстан Жақсылықтың қолға алған ісінің ары қарай еш кедергісіз жүзеге асуына сеп болмақ.

    Қуат Қайранбаев,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Үздіктер марапатталды

    Үздіктер марапатталды

    6 months ago
    Ұйым жұмысы жанданып келеді

    Ұйым жұмысы жанданып келеді

    5 months ago
    Шарын шатқалында жартастан құлаған шетелдік турист құтқарылды

    Шарын шатқалында жартастан құлаған шетелдік турист құтқарылды

    2 years ago
    Технократтар тәлімгері

    Технократтар тәлімгері

    4 months ago
    Энергетика секторын дамыту – елдік міндет

    Энергетика секторын дамыту – елдік міндет

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.