-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Тамырымда көк түркінің қаны бар

    23.08.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Тамырымда көк түркінің қаны бар
    0
    SHARES
    18
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылындағы Мәдениет үйінде танымал айтыс ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Даубай Әбдісайдың «Қара өлеңнің киесі қонған ақын» атты шығармашылық кеші өтті.

    Кешке Шымкент, Алматы қалаларынан, Алматы облысына қарасты Талғар, қазіргі кезде ақын тұратын Еңбекшіқазақ, өзі туған Райымбек, Кеген аудандарынан арнайы өкілдер, ақынның шығармашылықтағы достары әрі замандастары, әкімшілік және Мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.
    Кеш тізгінін ақын Камнұр Тәлім­ұлы қолына алды. Ең әуелі белгілі ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Жазушылар одағының мүшесі, ұлағатты ұстаз Биғайша Медеу Хантәңірінің баурайында туып, Қарасаздың қойнауында түлеген Даубай ақынның Алматы өңіріндегі жыр жүйріктерінің жалғасы екендігін тіліне тиек етіп, оның өңірлік айтыс мектебінің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.
    «Даубай ақын – кешегі Құланаян Құлмамбет, Көдек ­Байшығанұлы сынды жыр жүйріктерінің заңды жалғасы. Ол сол бір ақындық мектептің өзіндік ерекшелігі мен мақамын сақтады. Құлынында құнаннан озған Оразалы Досбосыновқа ұстаз бола білді. Бүгінде бала шәкірттерін айтысқа баулып жүр. Айтыс өнерінде Даубай ақынның алар орны айрықша», – деді ­Биғайша Бесірқызы.
    Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қанат Әбілқайыр, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов кеш иесіне жүрекжарды тілектерін білдіріп, Даубай Мамытұлына шығармашылық табыс тіледі. Осыдан кейін сөз алған ақынның бір топ замандастары мен өнер қайраткерлері өз естеліктері мен арнауларын оқып, жырдан шашу шашты. Атап айтқанда, Шеризат Мекебаев, ­Елеусіз Ахметкерім, Мұхтархан ­Қалиұлы, Камнұр Тәлімұлы, Шаяхмет ­Құсайын сынды ақын-жазушылар кеш көрігін қыздыра түсті. Сонымен қатар қонақтармен бірге ақынның «Тамырымда көк түркінің қаны бар» атты су жаңа жыр жинағының тұсауын кесті. Ақынның шәкірттері киелі қара домбырамен жыр тарту етті. Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі Есбол Рысбаев ақынға арнайы сый көрсетіп, Алғыс хат табыстады.
    Жалпы, айтыссүйер қауым үшін Даубай Әбдісайдың есімі таныс. Ол – өзінің жалынды жырларымен, өткір тілімен, байыпты болмысымен, салмақты сөз саптауымен көпшіліктің жүрегіне жол таба білген ақын. Ізденімпаздығының, еңбекқорлығының, табиғи дарынының арқасында талай шыңды бағындырып, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды. Даубай ақын бүгінде Бәйдібек би ауылдық Мәдениет үйіндегі Тоқтасын Білезов атындағы айтыс, жыр-терме орталығына жетекшілік етеді.

    Ерзат Асыл,

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында жол апатынан 5 адам ажал құшты

    Алматы облысында жол апатынан 5 адам ажал құшты

    2 years ago
    Жол қауіпсіздігі  талапқа сай ма?

    Жол қауіпсіздігі талапқа сай ма?

    5 months ago
    Жол жөнделер күн қайда?

    Жол жөнделер күн қайда?

    1 year ago
    Парасаттылық танытайық

    Істің байыбына жеткен жөн

    7 months ago
    Сайлауға “барыс” келді

    Сайлауға “барыс” келді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.