-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Жас қаламгерлер Бердібек пен Мұқағали ауылында

    26.08.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет
    Жас қаламгерлер Бердібек пен Мұқағали ауылында
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі әдеби саланы дамытуға және жас авторларды қолдауға бағытталған бірқатар жобаны жүзеге асыруда. Соның бірі – Алматы облысынан бастау алған жас ақын-жазушыларға арналған әдеби тур.

    Министрлік жанынан құрылған «Alqa» жастар клубының мүшелері классик жазушы Бердібек Соқпақбаев пен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың кіндік қаны тамған қасиетті өлкеге сапарлады. Әдеби тур құрамында ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Шерхан Талап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Кітап ісі басқармасының басшысы Алмас Мырзахмет, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің баспасөз хатшысы Мадина Сабыр, сондай-ақ республикалық жыр-мүшәйралардың жеңімпаздары, еліміздің түкір-түкпірінен келген жас ақын-жазушылар ­- Абай Ораз, Марлен Ғилымхан, Арайлым Мұраталиева, Асыланбек Шығыр, Асылан Қуанышұлы, Павлодар Жанасыл Серікбол, Әсел Кәрібай, Арайлы Жақсылық, Нұртас Тұрғанбек, Дәурен Тілеухандар болды. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы Алматы облыстық филиалының директоры Қанат Әбілқайыр қонақтарға жол көрсетіп, әдебиет алыптарының атамекеніне бастап барды.

    Жас қаламгерлер ең алдымен Бердібек Соқпақбаевтың ауылы – Қостөбеге атбасын бұрды. Мұнда Райымбек ауданы әкімдігінің өкілдері қалам иелерін жылы шыраймен қарсы алып, құрмет көрсетті. Қонақтар жазушының ауылын асықпай аралап, қаламгер оқыған тарихи мектеппен танысты. Ауыл ақсақалы Айтақын Жетібаев Бердібек Соқпақбаев туралы әсерлі естелігімен бөлісіп, жастарға ақ батасын берді.

    Сапардың  екінші күні тур мүшелері қасиетті Қарасаз ауылына табан тіреп, Мұқағалидың әдеби-мемориалды музейіне экскурсия жасады. Мұражай жетекшісі Ерлік Ахметов мұндағы жәдігерлермен кеңінен таныстырды. Ақынның жұмыс үстелі мен қолданған заттары және қолжазбалары қонақтарды ерекше қызықтырды. Мектеп оқушылары ақын өлеңдерін жатқа айтып, жиналған көпшілікті әдемі әсерге бөледі.

    Бұдан кейін музейдің конференц-залында жас ақын-жазушылардың әдеби кеші өтті.

    – Алғаш рет ұйымдастырылған әдеби турдың мақсаты тарихта ізі қалған әдебиет алыптарының туып-өскен өңірімен танысып, өмір жолы мен шығармашылығына терең үңілу және жас қаламгерлердің алда жазар шығармаларына құнды ақпараттар алуына сеп болу, – деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі Шерхан Талап.

    Ақындар жалынды жырларын оқып, кеш көрігін қыздырды. Мұқағалидың көзін көрген Әбзихан Батырханова жастарға сәттілік тілеп, ауылдың алты ауызы ретінде жырдан шашу шашса, ауыл ақсақалы Әбдіш Сұлтанаев ақиық ақын туралы тебірене әңгімеледі. Райымбек ауданы әкімінің көмекшісі Жанарбек Жантөреұлы лебізін білдірді. Жиынды ауыл ақсақалы Көшербай Қазыбаев қорытындылап: «Балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығында жолығайық!» – деп көпшілікке ақ батасын берді. Әсерлі кездесуден соң, жас қаламгерлерге көрікті Көлсай көлі таныстырылды.

    Айта кетейік, Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда әдебиет саласына қолдау көрсету, оның ішінде жалпы жастар тәрбиесі, кітап оқу мәселелерін қолға алуға қатысты нақты тапсырмалар бергені белгілі. Жиналғандар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанынан құрылған «Alqa» жастар әдеби клубының жұмысына сәттілік тіледі.

    Әдеби тур мүшелері келесі сапарын Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына орай Жетісу облысында жалғастырады.

    Дәурен Әбутәліпов,

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ

    ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ

    9 months ago
    Науқас сырқаты ерте анықталады

    Науқас сырқаты ерте анықталады

    1 year ago
    Футзалдан «Бірінші лига» ойындарының республикалық чемпионаты басталды

    Футзалдан «Бірінші лига» ойындарының республикалық чемпионаты басталды

    6 months ago
    Қапшағай жағасында ерекше күтімді қажет ететін балаларға жазғы лагерь ашылды

    Қапшағай жағасында ерекше күтімді қажет ететін балаларға жазғы лагерь ашылды

    2 years ago
    Қазақстан-Қытай шекара ынтымақтастығы форумында 16 құжатқа қол қойылды

    Қазақстан-Қытай шекара ынтымақтастығы форумында 16 құжатқа қол қойылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.