-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жерұйық көрем десең, Кегенге кел!

    23.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Руханият, Туризм және саяхат
    Жерұйық көрем десең, Кегенге кел!
    0
    SHARES
    79
    VIEWS

    Кеген ауданында тұңғыш рет «Жерұйық көрем десең, Кегенге кел!» атты үш күндік фототілшілер сапары өтті. Аталған шараны Кеген ауданы әкімінің қолдауымен республикалық «Фото­өнер» бірлестігі ұйымдастырды. Мақсаты – отандық туризмді дамыту үшін өңірдің тарихи орындары мен көрікті жерлерін заманауи талаптарға сай фотоға түсіру, ең үздік суреттерді БАҚ және әлеуметтік желі арқылы әлемге тарату.

    Белгілі журналист, ғалым ­Сағатбек Медеубекұлы жетекшілік еткен фотосапар мүшелерінің құрамында ардагер фототілші Нұрманбет ­Қизат­ұлы, «Фотоөнер» бірлестігінің төрағасы Асылхан ­Әбдірайымұлы, ­Досжан ­Балабекұлы, Ернұр ­Манапхан, ­Дәурен ­Мұхамеджанов, Жанұзақ ­Марғұлан сынды фототілшілер болды.
    Әуелгіде фотосапар мүшелері ­Көртоғай, Қызылтөбе, Қайқы асуына атбасын бұрды. Ақсай ауылында орналасқан Қызылтөбе тауындағы тастағы таңбалар да назардан тыс қалмады.
    Табиғаты сұлу, тарихы терең Кеген өңіріне, яғни Қарқара, Жалағаш, Саты ауылдық округтеріне туристердің көбірек келуіне серпін беру мақсатындағы іс-шара аудан әкімдігінің мәжіліс залында жалғасын тауып, келелі мәселелер талқыланды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков, мекеме қызметкерлері, ауыл әкімдері, өлкетанушылар мен фототілшілер қатысты.
    – Бұл – Асылхан Әбдірайымұлының бастамасы еді, өйткені Асылханмен бірге Кеген ауданын бірнеше рет аралағанбыз. «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі – ­Қазақстандағы белгілі фотографтардың басын біріктіретін ұйым. Оның құрамында Қалиқұмар деген ақсақалымыз бен Нұрманбет Қизатұлы және бірнеше танымал азаматтар бар. Әрине, елімізде туризмді дамыту үшін, көрікті жерлер мен өңір тарихын жан-жақты насихаттау керек. Біздің мақсатымыз да сол, – деді сапар жетекшісі Сағатбек Медеубекұлы.
    Өз кезегінде сөз алған Асылхан Әбдірайымұлы аудан әкімдігіне ризашылығын білдіре келіп, Сайлау
    Пернебаевтың «Ақ пен қара»,
    Нұрманбет Қизатұлының «Жан шуақ» атты фотосуреттер жинақталған кітабы мен «Көлсай» портретін бірлестік атынан естелік сыйлық ретінде табыс етті.
    – Кеген ауданы өзінің тарихи ескерткіштерімен облыс бойынша бес ауданның қатарында, туризмге таптырмас өңір, – деген жергілікті өлкетанушы Болат Сәрсенбайұлы өңірді дәріптеуге келген қонақтардың жұмысына сәттілік тіледі.
    Тарихымызды түгендеуде атсалысып жүрген азаматтарға алғысын білдірген аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Сабыр Досымбеков жиынды қорытындылады.
    Бұдан кейін фототілшілер табиғаты әсем һәм тарихи орындар – Ақшоқы, Жуантөбе, Қызыларасан, Құмтекей, Қарқара, Ереуілтөбе, Балбал, Мыңжылқы, Кеген, Тасашы, Бөлексаз, Шырғанақ, Талды, Екіаша, Кеңсу, Орта Меркі, Жалағаш, Көлбастау, Қарабұлақ, Саты, Күрметі, Көлсай, Ағанас, Қоржынбайдың еспесі мен Көртоғай шатқалдарын бетке алып, тарихи фотосуреттер қоржынын толтырды.

    Дәурен Әбутәліпов,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Іле ауданында өнеркәсіп аймағындағы өрт оқшауланды

    Іле ауданында өнеркәсіп аймағындағы өрт оқшауланды

    1 year ago
    Табиғат –  ортақ байлығымыз

    Табиғат –  ортақ байлығымыз

    7 months ago
    Көне Отырар жәдігерлері Есік музейінде

    Көне Отырар жәдігерлері Есік музейінде

    2 years ago
    Қарасай ауданында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 10 мектеп салынады

    Әкім: Алматы облысында жыл сайын 13 мектеп салу керек

    2 years ago
    Домбырамен тілдескен шебер

    Домбырамен тілдескен шебер

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.