Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшесі Әсел Болатқызы Панфилов ауылдық округіне сапары барысында №22 орта мектебіне атбасын бұрып, ұстаздармен Қазақстанның ғасыр жобасы саналатын АЭС төңірегінде әңгіме өрбітті.
Спикердің сөзінше, электр қуатын өндіру тиімділігі жағынан жаңартылатын энергия көзін пайдалану диапазоны 20-40 пайыз аралығында болса, АЭС-тің тиімділігі 90 пайыздан жоғары екен. Қазіргі уақытта Қазақстанды энергия тапшылығынан АЭС қана құтқарады. Айтпақшы, мұндай тиімділік тіпті көмір генерациясында да жоқ екен.
– Бір АЭС салып, Қазақстан энергиялық тапшылықты толықтай еңсеріп тастамайды. Атом электр станциясымен қатар баламалы энергия өндіруді де басты мақсат етеміз. Былай айтқанда, еліміздің болашағы АЭС-пен қатар жаңартылған энергия көздері симбиозына негізделмек, – деді Бекбосынов Матан.
3 буынды реакторлы АЭС-терде ешқандай апат болмапты. Мұндай жоба әлемде қауіпсіздігін әлдеқашан дәлелдеген. Жиынға қатысушылар шара соңында болашақтың қуаты саналатын АЭС салуды қолдайтынын жеткізді.