-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АЭС-тің қауіпсіздігін түсіндіру қажет

    26.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    АЭС-тің қауіпсіздігін түсіндіру қажет
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Өңірде АЭС салуды қолдауға арналған үгіт-насихат шаралары күшейтіліп, партиялар мен бірлестіктердің өкілдері ақпараттық жұмыстарды жандандыруға кірісті.

    Алматы облыстық Халықтық штабтың фронт-офисінде отырыс өтті. Жиынға бірнеше партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысып, алдағы кезеңде үгіт-насихат жұмыстарын күшейту мәселесін басты назарға алды. Бұл кездесу атом электр станциясы құрылысына қолдау білдіру және оның маңыздылығын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Жиында Халықтық штаб мүшелері үгіт-насихат науқанының нәтижелерін талқылап, алдағы жұмыс жоспарын анықтады. Штабтың белсенділері елдегі барлық аймақтарда халықпен тығыз байланыс орнатып, АЭС салудың артықшылықтарын кеңінен насихаттау қажеттігін ерекше атап өтті.

    «Біздің басты мақсатымыз – халыққа АЭС туралы нақты, дәлелді ақпарат жеткізу. Атом энергетикасы Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызға ие, сондықтан түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде күшейту қажет», – деді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы, штаб мүшесі Ерлан Жакупов.

    Отырыс барысында партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері халықпен кездесулердің тиімділігін арттыру үшін нақты ұсыныстар айтты. Әсіресе, әлеуметтік желілер арқылы ақпарат тарату мен түрлі аудиторияларға бағытталған насихат жұмыстарын жүргізу әдістерін жетілдіру жайы қызу талқыланды.

    «Алдағы кезеңде халықпен бетпе-бет кездесулерден бөлек, ақпараттық құралдар арқылы түсіндіру жұмыстарын кеңейту маңызды. Әсіресе, жас ұрпаққа АЭС-тің қауіпсіздігі мен экологиялық артықшылықтарын түсіндіру қажет. Қоғамның әрбір мүшесі өз болашағы үшін маңызды шешім қабылдай алатындай ақпаратқа қол жеткізуі тиіс», – деді «Ақ жол» партиясы өңірлік филиалының төрағасы, штаб мүшесі Мейраш Шынасылова. Жиын соңында Халықтық штабтың алдағы жұмыс жоспары бекітіліп, насихат жұмыстарына қатысатын барлық тараптардың жауапкершілігі нақтыланды. Алдағы уақытта ел көлемінде ауқымды үгіт-насихат шаралары ұйымдастырылып, АЭС салу туралы референдумда халықтың белсенді қатысуына ықпал ету көзделіп отыр.

    Өңірлік Халықтық штабтың баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Қонаев мектептеріне жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылды

    Қонаев мектептеріне жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылды

    8 months ago
    Қазақша сөйлейтін орыс жігіті

    Қазақша сөйлейтін орыс жігіті

    1 month ago
    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Қонаев қаласына арнаған құттықтауы

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Қонаев қаласына арнаған құттықтауы

    2 years ago
    Экономикалық тиімділігі мол

    Экономикалық тиімділігі мол

    8 months ago
    Үшем келді дүниеге

    Үшем келді дүниеге

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.