-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әскер қатарын толықтырғандарға мүмкіндік мол

    11.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Әскер қатарын толықтырғандарға мүмкіндік мол
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

           Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында  қорғаныс істер саласының  өкілдері мерздімді  әскери қызметке  күзгі шақырудың  ерекшеліктері мен тәртібі жайлы  баяндады.

    Аталған баспасөз мәслихатына  облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Дулат Ақышев пен Қонаев қаласы қорғаныс істері басқармасының шақыру бөлімінің бастығы капитан Жамила Бұхарбаева қатысып, кезекті әскерге шақырудағы маңызды міндеттерге тоқталды. – ҚР  Президенттің 2024 жылғы 1 ақпандағы жарлығына сәйкес елімізде күзгі әскерге шақыру басталып, желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Биыл күзде барлығы 19 мыңнан астам адам әскерге алынады деп отыр. Биыл облысымыздан әскери борыш міндеттелген 18 – 27 жас аралығындағы 1 771  азамат әскерге шақырылады. Олардың  850-і  Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне, қалған 921 – і  Ұлттық ұланның, ҰҚК Мемлекеттік күзет қызметінің және Шекара қызметінің әскери бөлімдеріне  шақырылады. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген сәттен бастап жергілікті әскери басқару органдары әскерге шақырылуға жататын азаматтарды жүйелі түрде зерделеуді бастайды. Ол үшін әскерге шақырылушының құжаттарын оқып қана қоймай, жас жігіттермен тәжірибе жұмыстары да жүргізіледі. Шақыру науқанының басталуына қарай барлық өңірде шақыру комиссияларын басқаратын  қалалар және аудандар әкімдері орынбасарларының басшылығымен шақыру және медициналық комиссия мүшелерімен нұсқау-әдістемелік сабақтар өткізілді. Әскерге шақыру SMS-хабарламалар немесе үйіне және жұмыс орындарына дербес шақырту қағаздарын жіберу арқылы жүзеге асырылады – , деді полковник Дулат Ақышев.

    Қорғаныс істер саласы  өкілдерінің сөзінше, биыл әскери қызметшілерге арналған несиелік демалыс мүмкінтері қарастырылған. Енді әскерилерге  қызмет барысында, саптақан қайтқаннан  кейінгі екі ай ішінде сарбаздарға несие төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі. Бүгінде  6 мыңнан астам әскери қызметші жалпы сомасы 1 млрд 828 млн теңге көлемінде несиелік демалысқа қол жеткізіп отыр. Сонымен қоса,  қызметі аяқтаған сарбаздарға білім беру саласында да айтарлықтай жеңілдіктер беріледі. Полковник Дулат Ақышевтің сөзінше, бүгінгінде  1,5 мыңнан астам азамат жоғары оқу орындарына тегін оқу мүмкіндігіне ие болған.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Мал шаруашылығы – ауыл экономикасының тірегі

    Мал шаруашылығы – ауыл экономикасының тірегі

    4 weeks ago
    Денсаулық пен білім салаларын қолдау – мемлекет саясатының басым бағыты

    Алматы облысында 61 медицина мекемесінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бұзылған

    2 years ago
    Қайта жаңғырған бастама

    Қайта жаңғырған бастама

    1 year ago
    Ермахан Ыбрайымов: «Мен АЭС-ті қолдаймын!»

    Ермахан Ыбрайымов: «Мен АЭС-ті қолдаймын!»

    8 months ago
    Ғасыр шежіресі

    Ғасыр шежіресі

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>