-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Бата алғанның бағы артар

    19.09.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Бата алғанның бағы артар

    SAMSUNG CAMERA PICTURES

    0
    SHARES
    11
    VIEWS

           Жамбыл ауданында облыс әкімінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің «Батагөй» республикалық байқауы өтті. Ұлттық құндылықтар дәріптелген шараға өңір аудандарымен қатар Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстарынан да қатысушылар арнайы ат арытып келді.

    Жамбыл ауылдық Мәдениет үйіне жиналғандарды алдымен аудан әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы құттықтады. Жыр алыбының ауылына келген қарияларға облыстық ішкі саясат басқармасы қоғамдық келісім және даму орталығының басшысы ­Елбосын Абай лебізін арнап, шараның мақсаты мен маңызына тоқталды. «Қазақта «Атасының баласы, әжесінің баласы» деген керемет сөз бар. Ата мен әженің тәрбиесін алған бала ешқашан жаман болмайды. Бата – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұрасы, ұлт руханиятының өзегі. Әр сөзінде үлкен пәлсапа, ізгіліктің бастауы жатыр», – деген ол қатысушыларға сәттілік тіледі.
    Байқау үш кезеңде өтті. «Баталы ерге бақ қонар» атты алғашқы кезеңде немересін ертіп шыққан ақсақалдар кезегімен өздерін таныстыра отырып, баталарын айтты. Атасы бастаған батаны немересі жалғастырып әкетіп отырды. Келесі сын «Бата алғанның бағы артар» деп аталды. Мұнда қатысушылардың дайындығы, табан астында тауып айтқыштығы сынға түсті. Экранға шығарылған ұлттық салт-дәстүр түрлеріне орай, қол жайып бата берді. «Ата сөзі – бата сөзі» атты үшінші кезеңде көпшілікке арнап қорытынды бата беруден сынға түсті. Батагөйлер сайысы қазақтың қара сөзінен қаймақ айыратын қариялардың қатары мол екенін көрсетті. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлт дәстүрінің тіні үзілмейтінін байқатты.
    Қазылар алқасына өлеңнің қара жорғасы атанған Үмбетәлі ­Кәрібаевтың немересі, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Әуелбек Ысқақ төрелік етіп, Асылы Осман, Тәңірберген ­Қасымберкебаев, Амангелді Беспаев, Батырбек Жалмұрзаев сияқты тіл жанашырлары, қоғам қайраткерлері баға беріп отырды. Бас жүлдені Райымбек ауданынан Көпірәлі Әлғожа мен баласы Ерасыл жеңіп алып, 300 мың теңгені қанжығасына байлады. Ал I орын ­Жамбыл облысынан Сейітқазы ­Медетбек пен немересі Фардаусиға берілді.
    Байқаудың 2-дәрежелі дипломымен Жамбыл ауданынан ­Баққожа Мәсенов пен немересі Әли ­Ақниетұлы, Қарасай ауданынан Жаңабай ­Күлшиев пен немересі Данияр марапатталды. 3-орынға Іле ауданынан ­Қайратдин Қылышбаев пен немересі Нұрсұлтан, Түркістан облысынан ­Жолдасбек Тұрманбетов пен немересі ­Бекназар, ­Жетісу облысынан Серікбек ­Балқыбеков пен немересі Әли ие болды. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды. Қатысушылардың ешқайсысы ақын ауылынан жүлдесіз қайтқан жоқ.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Жаңа қызмет: ХҚКО менеджерін шақырып, мемлекеттік қызметті үйден алуға болады

    Жаңа қызмет: ХҚКО менеджерін шақырып, мемлекеттік қызметті үйден алуға болады

    9 months ago
    Президент қазақстандықтарды Конституция күніне орай құттықтады

    Дала заңымен үндескен

    9 months ago
    Журналистердің жалақысы өседі

    Журналистердің жалақысы өседі

    2 years ago
    Ұлыс күні үлгі көрсетілді

    Ұлыс күні үлгі көрсетілді

    2 months ago
    Вице-министр: Қазақстанда саяхаттайтын туристер саны артып келеді

    Вице-министр: Қазақстанда саяхаттайтын туристер саны артып келеді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.