-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бейбіт атом: пайдасы мен зияны

    19.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Бейбіт атом: пайдасы мен зияны
    0
    SHARES
    20
    VIEWS

          Адам баласы ойлап тапқан атомның қуатын адамзат қызметіне жұмылдыру, оны бейбіт мақсаттарға пайдалану, экономиканы өркендетіп, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау бүгінде өзекті мәселелердің біріне айналған. Қарасай ауданына қарасты Алмалыбақ ауылындағы әл-Фараби атындағы лицейде өткен облыстық пікірталас алаңының басты тақырыбы да осы болды. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген шара «Атом энергетикасы – болашақ энергияның бастауы» деп аталды. Дебатқа аудандардағы ең үздік физика пәнінің мұғалімдері қатысты.

    Шараның ашылу салтанатында облыстық білім басқармасы бас­шысының орынбасары Гүлсара Исағұлова сөз алып, дебаттың басты мақсаты – атом энергетикасы жөнінде жұртшылықтың түсінігін арттырып, мамандардың бір-бірімен ой бөлісуіне мүмкіндік туғызу, осы бағытта айтылып жүрген түрлі пікірлердің дұрыс-бұрыстығын бағамдау екенін тілге тиек етті.
    Дебаттың үйлестірушісі Дамир Уәлиханов аталған интеллектуалдық турнирдің талаптарымен таныстырып, қатысушылар көтеріліп отырған тақырып бойынша ойларын ашық әрі жүйелі жеткізсе деген ұсынысын айтты. Осы орайда әл-Фараби атын­дағы мамандандырылған лицейдің физика пәні мұғалімі Нұржарқын Нұрмұхамед ашық сабақ өткізіп, «Атом энергетикасы: бүгіні мен болашағы» тақырыбында баяндама жасады. Сабақ барысында ол мәселеге байланысты педагогикалық тәжірибесімен және атом энергиясын бейбіт мақсаттарда пайдалану жайында өз ойларымен бөлісті.
    Турнир үш ойыннан тұрды. Оған өлкеміздің барлық ауданы мен Қонаев қаласынан келген ұстаздардан жасақталған командалар белсене қатысты. Турнирдің талабы бойынша әр ойынның соңында ең төменгі ұпай жинаған командалар ойыннан шығып отырды. Осылайша үздіктер анықталды.
    Әділқазылар алқасының құрамы физика мамандығы бойынша мол тәжірибе жинақтаған мұғалімдерден жасақталды. Қазылар жұмысына түрлі грант иегері атанған, республикалық және әлемдік байқаулардың жеңімпазы болып танылған әл-Фараби атындағы лицейдің оқушылары көмекке келіп отырды.
    Турнирдің қорытындысы бойынша «Эверест» командасы бірінші орынды жеңіп алды. Команда құрамында Қонаев қаласындағы мектеп-гимназияның өкілі Жансая Қошқар мен Қарасай ауданындағы Макаренко атындағы мектептің мұғалімі Раушан Иманқұлова болды. Ал Қарасай ауданындағы әл-Фараби атындағы лицейдің ұстазы Бақытжан Сарқұлов пен Қонаев қаласының №2 мектебінен келген Нұрсұлтан Жаханнан жасақталған «Тамшы» командасы екінші орынды қанжығасына байлады. «Қуат» командасы үшінші жүлделі орын иегері атанды. Бұл құрамда Талғар ауданындағы № 16 орта мектептің мұғалімі Алмагүл Әбенова мен Қонаев қаласынан келген Асылзат Күзенбаева бар. Қарасайлық Мейрамбек Тілеубаев пен Алатау қаласының өкілі Несібелі Садықовадан құрылған «Болашақ» командасы «Талпыныс» номинациясын иеленді.
    Қазылар алқасының ортақ ше­шімі­мен қарасайлық Ғалия Нұртазина мен ілелік Балауса Саримова­ның «Сұңқар» командасы «Үздік спикер» номинациясын жеңіп алды. Барлық жеңімпаз облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
    – Бұл турнирдің ерекшелігі физика пәні мұғалімдерінің арасында бірінші рет өткізілуінде болып отыр, – деді Дамир Қанатханұлы бізге берген сұхбатында. – Бүгінде елімізде атом стансасын салу мәселесі кеңінен талқыланып жатқаны белгілі. Физика пәнінің мұғалімдері бұл тақырыпты өзгелерге қарағанда жақсы білетін болғандықтан, оларға білімдері мен тәжірибелерімен бөлісуге ашық алаң ұсынылды.
    Тартысты өткен дебат алдына қойған мақсатына жетті деуге болады. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Болашақ үшін таңдау жасадым

    Болашақ үшін таңдау жасадым

    8 months ago
    Халықаралық жарысқа жол ашты

    Халықаралық жарысқа жол ашты

    7 months ago
    Жамбылды қорламайық

    Жамбылды қорламайық

    7 months ago
    Асыл ана

    Асыл ана

    3 weeks ago
    Алматы облысында референдумға «барыс» келді

    Алматы облысында референдумға «барыс» келді

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>