Перейти к содержимому
Главная страница » Алатау қаласының әкімі халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздарымен кездесті

Алатау қаласының әкімі халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздарымен кездесті

Бүгін Алатау қаласының әкімі Аркен Хамитұлы Өтенов қалаға қарасты халықаралық және республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен шығармашылық байқауларда, сондай-ақ спорттық сайыстарда топ жарған озат оқушыларды қабылдады.

Кездесу барысында Аркен Хамитұлы оқушылардың білім мен спорт саласындағы жетістіктерін ерекше атап өтіп, олардың табысты болашағы – ел ертеңінің жарқын кепілі екенін жеткізді. Жас дарындармен еркін форматта сұхбат құрып, оларды білім, ғылым және спорт жолында табандылықпен еңбек етуге шақырды.

Іс-шара аясында әкім үздік оқушыларға алғыс білдіріп, ынталандыру мақсатында арнайы сый-сияпаттар табыстады.

Бұл кездесу жас ұрпаққа қолдау білдірумен қатар, олардың еңбегі мен жеңістерін бағалаудың айқын көрінісі болды.