-13 °c
Qonaev
Monday, June 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дамудың жаңа сатысы

    21.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Дамудың жаңа сатысы
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

           Еліміздің ертеңі үшін жасалып жатқан үлкен стратегиялық маңызы зор қадамның бірі – АЭС салу жөнінде мәселенің көтерілуі. Әрине, демократиялық мемлекет ретінде бұл сұрақ халықтың талқысына салынып, мұндай жобаны дәл қазір бастау-бастамау референдумда шешілетін болды. Экономикалық, ғылыми, стратегиялық тұрғыдан қарағанда АЭС салу – бүгінгі күннің талабы.

    Қазіргі техника дамыған заманда электр энергиясына деген сұраныс күн санап артып жатыр. Қолымыздағы сағат пен телефоннан бастап, бүкіл тұрмыстық техника, тіпті кейбір көлік те ток көзіне тәуелді. Демографиялық өсіммен бірге, халықтың үлкен қалалар маңында көптеп шоғырлануы да электр энергиясына деген сұранысты күннен-күнге арттырып отыр. Кезінде 60-70 жыл бұрын салынған жылу, жел және су электр стансаларының қазіргідей нөпірге есептелмегенін, әрі тозығы жет­кенін ескерсек, оларды қайта жөндеп әуреленгеннен пайда аз екені түсінікті. Оған қоса, бұл электр стансалары тіке­лей табиғатқа тәуелді. Ал жылу электр стансасы табиғи газ немесе көмір қорын қажет етеді. Осы орайда жерасты байлығымыз мәңгілік емес екенін, оның да қоры азайып, таусылатынын түсінсек, қолда барда қадірін біліп, атом электр стансасын салу қордаланған көп мәселенің тиімді шешімі болары анық.
    АЭС үшін негізгі отын – уран қоры бойынша еліміз әлемде екінші орында тұрса, уран өндіруден және оны сату көлемі бойынша қазіргі таңда дүниежүзінде бірінші орында келеді. Бұдан бөлек, былтыр Қазақстан әлемдік нарыққа 21 мың тонна табиғи уран шығарған екен. Ал бұл – әлемдегі бастапқы өндірістің тұтас көлемінің 40 пайыздан астамы, яғни бүкіл әлем елдері нарыққа шығарған өнімнің жартысына жуығы. Әрине, жылу электр стансалары үшін негізгі отын – көмірге де кенде емеспіз. Бұл тізімде Қазақстан дүниежүзі бойынша ондыққа кіреді. Десе де, осы жерде «екі отынның қайсысы тиімді» деген сұраққа жауап беру маңызды. Олай болса, сала мамандарының зерттеу нәтижелеріне көз жүгіртейік. АЭС-тен алынған бір гигаватт қуат бір жылда 5,9 млн тонна көмірді немесе 2,2 млн тонна мазут пен 26 мың текше метрге дейін газды үнемдеуге мүмкіндік береді. Тиісінше, ауаны ластайтын күкірт, азот тотықтары сынды басқа да химиялық ластағыштар, қатты қалдықтар болмайды. Физика ғылымдарының (Phd) докторы Нұрлан Амангелдіұлы көмірмен жылытылатын жылу электр стансасына қарағанда АЭС-тің экологиялық тұрғыдан радиациялық зияны 40 есе аз екенін айтады. Атом электр стансасын «болашақ валютасы» деген маман: «Бір келі уран 60 тонна мұнаймен немесе 100 тонна көмірмен тең», – дейді. Олай болса, әрине, АЭС пайдалырақ.
    Ал «АЭС қауіпсіз бе?» деген сұ­раққа келер болсақ, бұл жоба жайында сөз шықса, көпшілік басын ала қашатынының себебі де айқын. Хиросима, Нагасакидегі жағдайды айтып, алысқа бармай-ақ, сынақ полигонына айналған Семейдегі зоба­лаң қаншама халықты зар илетті?! «Атом» деген бірауыз сөздің өзі жүрекке қорқыныш ұялатып, қауіп-қатерге толы көрінетіні де содан. Десе де, атомға қырып-жоятын ядролық қарудың рөлін беру бір бөлек, сондай-ақ оны бейбіт мақсатта қолданып, қуат көзін өндіріп, пайдаға асыру бір басқа емес пе? Тамақ ішетін қарапайым қа­сық та, талайдың қанын төгетін қанжар мен қылыш та бір темірден соғыла­тыны секілді. Осы орайда ештеңенің байыбына бармай, ешқандай ғылыми негізге сүйенбей, байбалам салу дұрыс емес. Ал мұны зерттеп-саралап, оқып-тоқып жүрген сала мамандарының пікірі қандай? «Семейдегі жағдай – кәдімгі ядролық қарудың сынағы, ол АЭС емес. Ал Фукусимадағы цунами әсерінен болған апат АЭС-тердің қауіпсіздігін арттыруға ықпал етті. Қазіргі АЭС-тер ІІІ және ІІІ+ буынына кіреді. Әрі ғалымдар АЭС-терді қауіпсіз етудің жолдарын жыл өткен сайын жетілдіріп келеді», – дейді ядролық физика бойынша PhD докторы Нұрлан Амангелдіұлы. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта АЭС-тің қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін АЭС-терде белсенді және пассивті қорғаныс жүйелерінің комбинациясы қолданылады. Мысалы, бір жүйе істен шыққан немесе ажыратылған жағдай­да, автоматты түрде басқа жүйелер іске қосылып, реакторды қауіпсіз тоқтатуға және апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Осылайша, қазіргі тәсілдер оларды пайдалануды барынша қауіпсіз етеді. Сондай-ақ қазіргі уақытта құрылысқа су-сулы реакторлардың қарастырылуы да қауіпті барынша сейілтеді. Сонымен қатар АЭС салуда жер сілкінісі секілді табиғи апат ықтималдығы да міндетті түрде ескеріледі. Киберқауіпсіздік жүйесі, терроризм сияқты сыртқы қауіптерге қарсы тұру механизмі де бейтарап қалмайтыны анық. АЭС-тің заманауи технологиялары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етіп, экология­лық таза энергия көзін пайдалануға мүмкіндік береді.
    Дүниежүзілік ядролық қауым­дас­тықтың мәліметінше, қазір әлемнің 31 елінде барлығы 415 ядролық энергетикалық реакторлар жұмыс істеп тұр. Оның 94-і АҚШ-та болса, жер көле­мі Алматы облысының алтауындай ғана болатын Францияның өзінде – 56, Қытайда да – 56, Ресейде – 36, Оңтүстік Кореяда – 26, ал атом бомбасының зардабын шеккен, кішкентай ғана аралды мекен ететін Жапонияда 12 АЭС елді қуат көзімен қамтып отыр. Мысалы, Франция қазірде 70 пайыз электр энергиясын АЭС-тен алады. Ал Қазақстандағы жағдай қалай? Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің мәліметінше, елімізде электр энергиясының 70 пайызын өндіру көмір өнеркәсібіне тиесілі екен. Көмірдің ауаға қандай зияны барын жоғарыда айттық.
    АЭС туралы айтқанда, ол тек энергия көзі емес, экономиканың және отандық ғылымның үлкен қозғаушы күші болатынын да ескерген жөн. Еліміз атом энергетикасын дамытуда айтарлықтай технологиялық әлеуетке ие. Ядролық реакторларды пайдалануда тәжірибе­міз бар, ядролық отын шығару өндірісі алға қойылған, ғылыми-зерттеу мекеме­лері жұмыс істеп келеді, халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік – МАГАТЭ-нің мүшесіміз. АЭС елді экономикалық, өнеркәсіптік, ғылыми дамудың жаңа сатысына шығаратын бір тетік болмақ.

    Құралай Мұратқызы

    Ұсынымдар

    Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

    Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

    3 months ago
    Облыс әкімі ардагерлермен Қонаев қаласының бас жоспарын талқылады

    Облыс әкімі ардагерлермен Қонаев қаласының бас жоспарын талқылады

    2 years ago
    Маймыл шешегі қалай жұғады – дәрігер жауабы

    Маймыл шешегі қалай жұғады – дәрігер жауабы

    10 months ago
    МСАК-ТЫҢ 550-ДЕН АСТАМ МАМАНЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖЫЛЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУҒА КІРІСТІ

    МСАК-ТЫҢ 550-ДЕН АСТАМ МАМАНЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖЫЛЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУҒА КІРІСТІ

    2 months ago
    Стратегиялық маңызы зор

    Стратегиялық маңызы зор

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.