-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өлгендер қайтып келеді

    Райымбек ауданында Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы тойланды

    20.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Өлгендер қайтып келеді
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

           Асқар Алатаудан бастау алып, Түркі дүниесінің астанасы Анадолыда жал­ғасын тапқан қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойын ел-жұрты асы­ға күткені белгілі. Қарымды қаламгер­дің мерейтойын ұлықтауға арналған ұлы той ақыры қасиетті Хантәңірі етегіне де келіп жетті. Нарынқол ауылын­дағы айтулы шараға алыс-жақыннан кел­ген қоғам қайраткерлері, қазақ әдебиеті­нің майталмандары, жазушының туған-туыстары, шығармаларымен сусындап өскен ел-жұрты жиналды.

    Бұл күні Б.Мұқай атындағы Мәдениет үйінде ине шаншар орын болмады. Мерейтойдың беташары «Бердібек әлеміне саяхат» атты театрландырылған қойылыммен бас­талды. Бекжан Тұрыс, Бауыржан Қаптағай, Ерлан Біләл, Еркебұлан Дайыров сынды республикаға танымал сахна саңлақтары «Менің атым Қожа», «Қайдасың, Гауһар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Балалық шаққа саяхат» атты туындыларын сахналап, көрермен назарына ұсынды. Саят Медеуов, Рамазан Стамғазиев, «Қоңыр» тобы әуелете ән шырқаса, мектеп оқушылары «Менің атым Қожа» кинофильміндегі Нұрғиса Тілендиев­тің «Туған ел» әнін хормен айтып, көпшіліктің мерейін тасытты.
    Жазушының өмірі мен шығар­машылығына арналған «Болмысы бөлек Бердібек» атты әдеби кешті Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов ашып, жүргізіп отырды. Алғаш болып мінберге көтерілген Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын жеткізді. Жыл басынан бері облыс көлемінде жазушының мерейтойына арналған игі істерден хабардар етті. Жазушының қызы Самал Соқпақбаева әкесі туралы естеліктермен бөлісті.
    Тағы бір айтар жайт, мерейтой құрметіне биыл Алматы облысы әкімінің және Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен жазушының төрт томдығы жарық көрген еді. Кітаптардың тұсауын облыс әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов және жазушының қызы Самал Соқпақбаева кесіп, жұртшылыққа ұсынды.
    Келесі кезекте жазушымен тір­шілігінде сыйласқан, ағалық ақылын тыңдап, шығармашылық жолын өздеріне үлгі еткен белгілі қаламгерлер Бердібек Соқпақбаев туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті.
    Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Дулат Исабеков:
    «Құрметті Аспантау аясының ақпейіл жұрты, Тәңіртау етегі қаламы қарымды таланттардан кенде болмағаны – ақиқат. Мұқағали, Еркін, Сағат, Баққожа сияқты тұғырлы тұлғалар бүгінде ел мақтанышына айналып отырғаны мәлім. Ал Бердібек Соқпақбаев салған соқпақтың жөні қашанда бөлек. Ол – қазақ балалар әдебиетіне тыңнан түрен салған, қаламы арқылы шындыққа шырай берген талант иесі. Өтірікке жаны қас, шындықты сүйетін, қаламына тек шынайы өмірді еш бүкпесіз арқау ететінін аралас-құралас жүрген шақтарда анық аңғарғанмын. Өмірі қасіретті болса да, шығармасын қасиетке айналдыра білген жазушы ретінде бағалаймын», – деді.
    – Бердібек шығармаларын оқымаған, сол шығармалары арқылы адами құндылықты бойына сіңіруді мақсат етпеген қазақ баласы жоқ десем, қателеспеймін. «Менің атым Қожаны» бала кезімізден оқып өстік. Бойынан азаматқа тән өрлік те, ерлік те, адами қасиет те, сүйіспеншілік те табылатын Қожаны өзімізге тәрбие ретінде қабылдадық. Шығармалары сонысымен құнды да асқақ, – деген жазушы Құлбек Ергөбек Бердібектің болмысына ерекше тоқталып өтті.
    Кәдірбек Сегізбаев, Ұлықбек Есдәулет, Қазыбек Иса сынды қарымды қалам иелері, халық қалаулылары, қарындасы Несіпхан Аманбаева қаламгер туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Балалар жазушысына арналып осыған дейін атқарылған жұмыстарға қанағат білдіре келе, алда шешімін күткен мәселелерді де жұртшылықтың ойына салды. Осы шараны ұйымдастыруға барынша мүдделілік танытқан азаматтарға, Жазу­шылар одағына, Алматы облыстық әкім­дігіне, Райымбек ауданының басшы азаматтарына алғыс айтты.
    Иә, Аспантау өңірінде, қасиетті Тәңіртау етегінде қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерей­тойына арналған салтанатты шара көпшіліктің көзайымына айналып, жүректерге жол тапты. Сөйтіп, жазушының қасіреттен қасиетке айналған шығармалары мәңгілік екендігін дәлелдеді.
    Жалпы қауымның ыстық ықыласына бөлен­ген мерейтой «Ұлт әдебиетінің алыбы» атты республикалық ақындар айтысына жалғасты. Б.Соқпақбаев атындағы жастар саябағында жазу­­шының ескерткіші ашылды. Бұдан кейін жиналған қауым Сүйінбай атындағы облыстық филар­монияның мерекелік концертін тамашалап, ат бәйгесінің жанкүйері болды. Мерейтой аясында ұйымдастырылған осынау шаралар туралы мақала газетіміздің келесі санында жарық көреді.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Электр жарығын беру қалпына келтірілді

    Электр жарығын беру қалпына келтірілді

    1 year ago

    Аймақ әлеуеті зор

    11 months ago
    Сала жұмысында сылбырлық бар

    Сала жұмысында сылбырлық бар

    1 year ago
    Іле өзенінің бойы қоқыстан тазартылды

    Іле өзенінің бойы қоқыстан тазартылды

    2 months ago
    Бірлік күні Алматы облысында ізгі істермен басталды

    Бірлік күні Алматы облысында ізгі істермен басталды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>