-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жылдарға жалғасқан жырлар

    06.02.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият, Тарих
    Жылдарға жалғасқан жырлар
    0
    SHARES
    54
    VIEWS

    «Құрметтеңдер жиырмасыншы ғасырды» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев бұл сөзді бекерге айтпаған екен. Қазақ әдебиетінің айтулы тұлғалары осы кезеңде бір-бірімен жарысқан жүйріктей сөз өнерінің сахнасына шықты. Солардың бірі жерлесіміз, ақын-журналист Рахымжан Өтегенов еді. Қырықтың ортасына жетпей дүниеден озған қаламгердің 75 жылдығын әдебиет-мәдениет өкілдері, ағайын-туыс, дос-жарандары ұмытқан жоқ. Алматыдағы «Esperanza» мейрамханасында өткен әдеби-сазды еске алу кеші соның дәлелі.

    Бұл бас қосудың мазмұны қаламгер еңбегін қайтадан бір шолып, сол тұрғыда баға беруімен ерекшеленді. Рахымжан ағамыз республикалық ақпарат құралдары мен баспасөз саласында өнімді еңбек етіп, артына өнеге мен тәлім қалдырған азамат. Қайда қызмет істесе де қабілет-қарымын шыңдап, ұжымның да, оқырманның да көңілінен шығып, жанкүйерлерін қуандырып отырған. Ақындығымен де дараланған. Жылдарға жалғасқан жалынды жырлар жазды десек артық айтқандық болмас.

    Жиналған көпшілік Рахымжан Өтегеновтің «Ақын болып жаратылған бұл жүрек» және «Қайта оралшы, аққуым» атты баспадан жаңа шыққан екі кітаптың тұсакесеріне куә болды. Онда қаламгердің таңдаулы өлеңдері, бұрын мерзімді баспасөзде ғана жарияланып, жинақтарына енбей қалған поэзиялық шығармалары топтасқан. Көпшілік әдеби мұраны ақынның көзіндей көріп, қаламгердің кітаптарын қайтадан тебірене парақтады.

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің мерейтойлық шараға жолдаған құттықтауын баспасөз хатшысының орынбасары Мұрат Тоқашбаев оқып берді.

    «Даналықтың даңғылын бойлап, ұлттың арын, ұрпақтың қамын ойлаған, өмір жолы өнегеге толы, туған халқын жанындай жақсы көріп, табиғат молынан берген қабілет-дарынын, ақыл-білімін, күш-жігерін оған адал қызмет етудің ізгі мұраттарына арнаған қазақтың сайыпқыран перзенттерінің бірі, бірі емес бірегейі ретінде жаны ізгі Рахымжан ағамызды әрдайым мақтан тұтамыз. Ел мен жердің, сөз бен істің қадіріне жетіп, тектіліктің қасиетін ұғындырған Рахымжан Өтегеновтің есімі жырсүйер қауымның жадынан мәңгі өшпейді», – делінген құттықтау жолдарында.

    Сонау балалық шақта Шелек өңірінің топырағын бірге шаңдатқан, қаламгер болуды бірге армандаған, иықтаса отырып көкжиекке көз тіккен – армандасы, ауылдасы, бауырласы, есімі елге белгілі журналист, қоғам қайраткері Марат Тоқашбаев ақын Рахымжанмен кезінде бірге істеген азаматтардың бірқатарын құрметпен атап өтті.

    Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов республика қаламгерлері атынан құттықтау сөзін паш етті. Рахымжан Өтегеновтің шығармашылық табыстарының қыры мен сырына тоқталды.

    Ардагер журналист, баспасөздің көрнекті өкілі Сарбас Ақтаевтың естелігі ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. «Егемен Қазақстанда» бас редактордың орынбасары, республика Парламентінің органы «Халық кеңесі» газетінде және қоғамдық-саяси журнал «Ақиқатта» бас редактор болған қайраткер өткен күннен сыр шертті.
    – Мен онда Алматы облыстық «Жетісу» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары болатынмын. Бас редактор Әбдіуәли Қарағұловпен өзара сыйластығымыз жақсы еді. Газетке жастарды көбірек тартайық деген идеямды қуана құптады. Сонымен қатар осы істің толық жаупкершілігін маған жүктеді.

    Бір күні ақын досым Тұманбай Молдағалиев телефон шалып, талантты інісі бар екенін айтты. Сол жас жігіт Рахымжан Өтегенов екен. Өлеңдері бірден ұнады. Тәрбиелесе қамшы салдырмайтын түрі бар. Жұмысты курьерліктен бастаған Рахымжан ұзамай әдеби қызметкерлердің қатарына қосылды. Сонымен қатар бұл тізімді Марат Тоқашбаев пен Жақыпжан Нұрғожаевтар толтырды. Сол азаматтар қазақ баспасөзінің тұтқасын ұстаған тұлғаларға айналды, – деді Сарбас Ақтаев.

    Мерейтой кешінде Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ертай Нұрмаханов жерлестерінің ыстық сәлемін жолдады. Жақыпжан Нұрғожаев, Мейрамбек Төлепберген, Талғат Айтбай, Әділғазы Қайырбеков және тағы басқа қаламгерлер естеліктерімен бөлісті. Кешті белгілі театр актері Бекжан Тұрыс жүргізді. Ақындар Рахымжанға арнаған жырларын оқыды. Сахна жұлдыздары ән мен күйді әуелетіп, әдеби шараның әрін кіргізді. Ең бастысы, Рахымжан Өтегеновтің жаңа кітаптары оқырмандарға жол тартты.

    Болат Мәжит

    Ұсынымдар

    Кимешекті кие тұтқан

    Кимешекті кие тұтқан

    2 months ago
    Бағаның бағамы – базарда…

    Бағаның бағамы – базарда…

    2 years ago
    Алматы облысының әкімі мерекеде сарбаздарды құттықтады

    Алматы облысының әкімі мерекеде сарбаздарды құттықтады

    2 years ago
    Алматы облысының әкімі  Еңбекшіқазақ ауданындағы бірқатар нысанды аралады

    Алматы облысының әкімі Еңбекшіқазақ ауданындағы бірқатар нысанды аралады

    2 years ago
    Шерзат Полаттың өлімі бойынша тергеу таяуда аяқталады – Прокуратура

    Шерзат Полаттың өлімі бойынша тергеу аяқталды

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>