Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді

26 қаралым

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Алатау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында әлеуметтік осал санаттағы отбасы тұратын тұрғын үйде профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрттің алдын алу және тұрмыстық жағдайда төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту.

Профилактикалық жұмыс барысында тұрғын үйге адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін көміртегі тотығын (иіс газын) анықтайтын датчик орнатылды. Сонымен қатар, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, жылыту пештерін қауіпсіз пайдалану, мұржалар мен түтін арналарының жарамдылығын тұрақты тексеру, сондай-ақ электр және жылыту құралдарын пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігі түсіндірілді. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу әрбір азаматтың жауапкершілігі екені ескертілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Толқын Одашқызы

Алатау қаласы

↑