⛅
18°C
Қонаев
Сенбі, Қазан 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Рухани тәрбие негізі

    11.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам, Руханият
    Рухани тәрбие негізі
    0
    SHARES
    69
    VIEWS

            Ата дінімізде ихсан деген ауқымы кең әрі мағынасы терең ұғым бар. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мүбәрак хадисінде ихсан сөзіне «Аллаға оны көріп тұрғандай құлшылық ету, сен оны көрмесең де, ол сені көріп тұрушы. Яғни, қандай амал жасасаң да, шынайы ниет етіп, ешкімге міндет қылмай, нағыз Алла үшін риясыз жасай білу» деп анықтама беріп кеткен.

    Байқап қарасақ, қазіргі қоғамда осы ихсан ілімін білмегендіктен көп қателікке ұрынып жатамыз. Мәселен, қоғамда істеген ісін міндетсіну, ренжу, болмаса есептесіп, «Мен саған мынаны істеп бердім, сен маған ананы істеп бер» деген адамгершілікке жатпайтын іс-әрекеттер жиі кездеседі. Ал тарихқа қарасаң, біздің ата-бабаларымыз ихсан ілімін жақсы меңгергендігін байқаймыз. Себебі, барлық істі Алла разылығы үшін деп атқарып, ешкімге ренжіп, міндет қылмай, көркем мінезбен қарым-қатынас жасағандығын көреміз.
    Осы орайда Имам Нәуәуидің (Алла рахымына алсын) сөзі ойға оралып отыр. «Алла Тағала сенің әрбір жағдайыңды көріп тұрады. Сондықтан барлық ісіңде жақсылық жаса. Әрбір ісің толық болу керек», – дейді ол. Ал біздің мәзхабымыздың имамы Әбу Ханифа (Алла рахымына бөлесін) өзінің «Муснад» атты кітабында: «Ихсан – әрбір ісіңді Алла разылығы үшін жасауың», – деп жазған. Яғни, бастысы, адамның ниеті екендігі меңзеліп тұр.
    Ихсан ілімін үйрену біздің баршамызға көп пайдасын береді. Адами қасиет пен рухани құндылықтарымызды арттырады. Көркем мінез бен әдептілікті қалыптастырады. Ізгілер: «Ихсан ілімінің алғашқы сабағы ренжітпеуден басталып, соңы ренжімеумен аяқталады», – дейді.
    Ихсан – рухани ілім, бұл ұғым нәпсі тәрбиесі, әдеп негіздері мен жақсылық жасауды қамтиды. Ихсанда шынайы ниетке баса назар аударылады. Ең бастысы, барлық істі ықыласпен атқара білу бұл нағыз шынайы ихсан болып саналады.
    Зуннун Мысри есімді дін ғұламасы: «Мына үш нәрсе ықыластың нышаны: халықтың мақтауы мен даттауына көңіл бөлмеу, істеген жақсылығын тез ұмыту, істеген ісінің ақыретте сауап әкелетінін де ұмыту», – деп айтып кеткен. Ал Мәуләна Жалалуддин Руми: «Өзің қандай болсаң, сондай болып көрін, қандай болып көрінсең, сондай болуға тырыс», – деген дана сөз қалдырған.
    Қарап отырсаңыз, не деген тәлімді өсиет десеңізші?! Біздің қазіргі қоғамымызда жасандылықпен өмір сүріп, өтірік күліп, бетперде киіп жүргендер қаншама?! Оларға осы ихсан ілімін меңгеру керек-ақ деп ойлаймын. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінің бірінде: «Шын мәнінде, Алла сендердің түрлерің мен сырт көріністеріңе қарамайды, алайда жүректерің мен іс-амалдарыңа қарайды», – деген. Біз бұл хадистен де шынайы бола білуді, жүрегіміздің таза болуын, амалдарымыздың адал атқарылуын түсінеміз. Яғни, бұның да нағыз ихсан іліміне жататындығын білуіміз керек.
    Ихсан ілімі байға да, кедейге де, басшыға да, қосшыға да керек. Сөзімнің соңында айтарым, «Мүфтият» баспасынан 2021 жылы шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын барша мұсылманға оқып шығуға кеңес беремін. Баршамызға иман байлығын, ихсан тәрбиесін нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

    Азамат БҰХАРБЕКОВ,
    Райымбек ауданының бас имамы

    Ұсынымдар

    Масс-медиа – үлкен күш

    Масс-медиа – үлкен күш

    1 year ago
    Алатау қаласында отбасыларға қолдау көрсету шаралары жалғасуда

    Алатау қаласында отбасыларға қолдау көрсету шаралары жалғасуда

    1 month ago
    Білім баспалдағы

    Білім баспалдағы

    2 weeks ago
    Жол жөнделді

    Жол жөнделді

    1 year ago
    Қонаев әкімі тұрғын үй мердігерін сынға алды

    Қонаев әкімі тұрғын үй мердігерін сынға алды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>