-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Табиғат қамқоршысы

    21.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Табиғат қамқоршысы

    SONY DSC

    0
    SHARES
    21
    VIEWS

           Бір басында тектілік пен іскерлік сынды сан қасиет тоғысқан, қырық жылдан астам уақыт жасыл желекті қорғауға зор үлес қосқан ардақты азамат Тайбек Смайылов туралы сөз қозғасақ, артық етпес. Еңбек адамының өмір жолы – жас ұрпаққа өнеге.

    Тайбек Әшірұлы 1954 жылы 1 тамызда Кеген ауданы Жылысай ауылында дүниеге келген. Ол кісі мектепте оқып жүргенде-ақ болашақ мамандығын таңдап қойған екен. Жалаңаш қазақ орта мектебін аяқтаған соң, Алматыдағы ауылшаруашылығы институтына оқуға түсті. 1976 жылы орман шаруашылығы инженері атанып, алғашқы еңбек жолын «Таушелек» орман шаруашылығы мекемесінде бастайды. Одан кейін «Құрметі» және «Қарабұлақ» шаруашылығында қызмет етеді.
    Жас маман еңбексүйгіштігі мен батылдығының арқасында орман шебері дәрежесіне дейін көтеріледі. Білім-білігі мен тынбай жинаған тәжірибесі оның беделін арттырады. 1981 жылы отбасы жағдайына байланысты Талғар қаласына қоныс аударады. Сондағы ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру техникумына лаборант болып орналасқан. 1983 жылы Алматы қаласындағы «Пригородный» шаруашылығында жұмыс істейді. Бірақ Тайбек ағамыз қалада көп тұрақтамады. Сол жылы әкесінің ұзаққа созылған науқастан қайтыс болуына байланысты, Жалағаш ауылына көшіп келеді. Баяғы өзі еңбек жолын бастаған «Таушелек» орман шаруашылығында жұмысын жалғастырады. Мамандығы мен кәсібіне сәйкес тапсырылған қай істі болсын бар ынтасымен атқарады. Орман шаруашылығын дамы­туға күш-жігерін жұмсайды. Өз ісінің шебер ұйымдастырушысы ретінде Тайбек Әшірұлы «Таушелек» орман шаруашылығы директорлығына тағайындалады. Одан кейінгі жылдары «Жалаңаш» және «Екіаша» орман бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарады. 2010- 2017 жылдар аралығында зейнетке шыққанға дейін «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінде орманшы болды. Туған жерінің табиғатын сүйіп өскен Тайбек ағамыз зейнетке шықса да, ізбасарларына ақыл-кеңес беруден жалықпайды.
    Ол отбасында да өнегелі отағасы. Жұбайы Күләш Сәрсенова екеуі ұлықты ұл, қылықты қыз тәрбиелеп өсірді. Бұлардан тараған немерелері – ата-апасының көз қуаныштары.
    Алпыстың асқарына шығып, жетпістің желкенін көтерген Тайбек Әшірұлы туралы айтылар тағылымды әңгіме таусылмайды. Себебі елге табан ақы, маңдай терін аямаған еңбек адамы қашанда халқымен бірге жасай береді.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Өңір оқушылары халықаралық байқаудан жүлде алды

    Өңір оқушылары халықаралық байқаудан жүлде алды

    2 months ago
    Қонаев аспанын күй тербеді

    Қонаев аспанын күй тербеді

    11 months ago
    Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда 563 медаль жеңіп алды

    Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда 563 медаль жеңіп алды

    5 months ago
    Бала құқығын қорғауға айрықша мән берілді

    Бала құқығын қорғауға айрықша мән берілді

    2 years ago
    ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖОҒАРЫ

    ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖОҒАРЫ

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.