Бүгін АЭС салуды қолдау мәселесі бойынша Іле аудандық халықтық штаб мүшелері Іле ауданындағы ХҚКО-ның ұжымымен кездесу өткізді. Бұл кездесу Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Атом электр станциясы (АЭС) жобасының елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуына қосар үлесін аталып, өтті. АЭС-сы Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін арттырудағы рөлі, экономиканы әртараптандыру және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы маңызды ақпарат берілді.
ХҚКО-ның қызметкерлері АЭС жобасына қатысты өздерінің сұрақтары мен алаңдаушылықтарын білдірді. Штаб мүшелері олардың сұрақтарына жауап беріп, АЭС-тің құрылысынан туындайтын қауіпсіздік шаралары мен қоршаған ортаға ықпалы жөнінде түсініктеме берді. Кездесу нәтижесінде білім беру ұйымдарының ұжымы АЭС салуды қолдаудың қажеттілігі мен маңыздылығын тереңірек түсінді.