АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері «Қазпочта» қызметкерлерімен кездесті.
Елімізде электр энергиясына қажеттілік артып келеді. Халықтық штаб мүшелері Іле ауданының «Қазпочта» қызметкерлеріне еліміздегі энергия тапшылығын шешу жолдарын түсіндірді.
Кездесуде штаб мүшесі Мақсат Сейдалиев елге АЭС неліктен қажет екеніне сенімді дәлелдер келтірді. АЭС салу елдің атомдық, көмір, газ, күн, жел және су энергияларына негізделген кешенді және теңгерімді энергетикалық жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтты.
-6 қазанда Қазақстан халқы тарихи таңдау жасауы керек. Бұл шешім еліміздің экономикалық және технологиялық болашағын анықтайды.Ең маңыздысы – АЭС салу мәселесін халықтың өзі шешеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформаторлық бағыты, ең алдымен, елдің басты билік көзі – халықтың мүддесіне негізделген, – деді Нұрлан Лесұлы.